Get Mystery Box with random crypto!

Йод жетіспеушілігі? Йод ағзаға керекті ең маңызды микроэле | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Йод жетіспеушілігі?

Йод ағзаға керекті ең маңызды микроэлемент, қалқанша безіндегі тиреоидты гормондардың синтезіне қатысады! Йод жетіспеушілігі біздің елде ең өзекті ахуал, өйткені суда, топырақта Йод микроэлементі өте аз кездеседі.

Йод жетіспеушілігі болған жағдайда ағзада дамитын өзгерістер:
Қалқанша безі жұмысының бұзылысы;
Зат алмасу бұзылысы;
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
Менструальды цикл бұзылысы;
Салмақ қосу немесе арықтау;
Ұзақ ешбір себепсіз депрессия;

Ағзаға керекті экзогенді йод мөлшері:
Балалар:
0-6 ай - 110 мкг
6-12 ай - 130 мкг
1-3 жас - 90 мкг
4-8 жас - 120 мкг
9-13 жас - 150 мкг
Жасөспірімдер мен үлкендер - 150мкг
Жүктілер - 220 мкг
Емізетін әйелдер - 290 мкг

Йод жетіспеушілігін мына анализдерді тапсырып біле аласыз
ТТГ-тиреотропты гормон;
свободный-Т4, свободный-Т3;
анти-ТПО, анти-ТГ;
зәрдегі йод мөлшерінің концентрациясын анықтау;
Қалқанша безін ультрадыбысты зерттеу;
Еміне келетін болсақ эндокринолог дәрігердің консультациясын аламыз.
Бірақ, алдын алу шараларын жасауға болады

Профилактика
Йод құрамды тағамдар тұтыну:
Йодталған Арал тұзын күнделікті қолдану
теңіз балығы(лосось, треска бауыры, скумбрия), теңіз орамжапырағы, ламинария
теңіз өнімдері: креветки, краб, лобстер, мидия, молюска.
Сүт өнімдері: сүт, айран, қаймақ.
Басқа өнімдер: спаржа, пияз, сарымсақ, шпинат, қызылша, құрма
Су құрамында: "Асем-Ай"- еліміздегі құрамында Йод микроэлементі бар жалғыз сусын
"Асем-Ай" суын тұтыныңыздар
Йод құрамды дәрілік заттар:
Йодомарин 200мкг
Йодбаланс 200мкг
Йодактив 100мкг

Есіңізде болсын! Өзіңізге диагноз қойып, йод препараттарын себепсіз ішуден сақ болайық, өйткені йод микроэлементі сізде жеткілікті болуы мүмкін, міндетті түрде дәрігер тағайындауымен ішеміз, пайдалы деп балағада бере бермейміз!

Пікір қалдырыңыз