Get Mystery Box with random crypto!

Бішкек соты журналист Теміровтің өтінішін қанағаттандырмады | Бірге тексерейік!

Бішкек соты журналист Теміровтің өтінішін қанағаттандырмады

Бішкек қалалық соты 7 шілдеде Temirov LIVE YouTube каналының негізін қалаушы, тәуелсіз журналист Болат Теміровтің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғау жөніндегі арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Журналистің айтуынша, оның кеңсесіне тінту жүргізілген кезде, түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.

«Видеоны кімдердің түсіргенін білеміз. Келесі күні жалған аккаунттар арқылы желіге тарап кетті. Біз прокуратураға, сотқа шағымдандық. Бәрі іс қозғаудан бас тартып жатыр. Енді қалалық сот та аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды» дейді Теміров.