Get Mystery Box with random crypto!

НАТО Финляндия мен Швецияны альянсқа қабылдайтын хаттамаға | Бірге тексерейік!

НАТО Финляндия мен Швецияны альянсқа қабылдайтын хаттамаға қол қойды

5 шілдеде НАТО-ға мүше 30 елдің елшілері Финляндия мен Швецияның альянсқа қабылдау туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Ендігі кезекте екі елді НАТО-ға қабылдау туралы шешімді альянстағы барлық 30 елдің үкіметі мақұлдауы керек.

DW хабарынша, Финляндия мен Швеция НАТО-ның барлық жиындарына қатыса алады, дегенмен әзірге дауыс беру құқығы жоқ.