Get Mystery Box with random crypto!

NYT: Ресей Украинаны халықаралық конвенция тыйым салған оқ-дәр | Бірге тексерейік!

NYT: Ресей Украинаны халықаралық конвенция тыйым салған оқ-дәрілермен атқылаған

Ресей әскері Украинаның қалалары мен елді мекендерін халықаралық конвенцияларда тыйым салынған оқ-дәрілермен атқылаған. Бұл туралы New York Times (NYT) зерттеуінде хабарланды.

NYT журналистері Украинада түсірілген мыңнан астам фотоны зерттеп, екі мыңнан астам оқ-дәріні анықтаған. Зерттеуге сай, оның басым көпшілігі — «нысанаға дәл түспейтін оқ-дәрілер».

Бұдан бөлек, 330-дан астам фотодан оқ-дәрі тұрғын үй ғимараттарының маңына немесе оған жетпей жарылғаны байқалған. 210 фотодан халықаралық конвенцияларда тыйым салынған оқ-дәрі, соның ішінде кассеталы оқ-дәрі пайдаланылғаны белгілі болған. Зерттеу авторларының жазуынша, бұл оқ-дәрілер әуеде жарылып, жүздеген шаршы метр жерді қамтиды.

Сонымен қатар, журналистер Ресей әскерінің «флешет» — адам денесін ауыр жарақаттайтын шағын металл жебелер қолданғанын жазады.

Зерттеуге сәйкес, Украинадағы соғыс кезінде қолданылған тыйым салынған оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды пайдалану ауқымы айтарлықтай жоғары, алайда соғыс әлі де жалғасып жатқандықтан, бұны әрі қарай дәлелдеу қиын.