Get Mystery Box with random crypto!

“Өскенде кім болғың келеді?” Бұл сұрақты бала кезде естімеген | batyrbloger

“Өскенде кім болғың келеді?” Бұл сұрақты бала кезде естімеген жан жоқ шығар иә

Әлі есімде… Осы сұрақты естігенде “ғалым” боламын деген жауапты айтудан шаршамайтынмын. Алайда таңдаған мамандығым қазір мүлде басқа салада. Дегенімен осы сәтте отандық ғылымның жеткен жетістіктері жөнінде мақала оқып отырып, қуанып отырмын. Бұл саладағы жеміcті еңбек Тәуелсіздіктің 30 жылындағы маңызды жетістіктің бірі. Баршамызға мәлім - отандық ғылымның дамуының негізгі бөлігінің бірі ол - ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары болып саналады. Бүгінде елімізде ғылыми-зерттеу шарасымен айналысып, жаңалық ашып отырған 383 ұйым бар екен. Сонымен қатар министрліктің жетекшілігімен елдегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылып жатқандығы, ғылымның дамуына өзіндік үлесін қосары анық.
 
Тіпті бұл саланы ілгерілетуге түрлі шаралар мен жобалар қабылданып, іске асырылып жатыр. Расында, Қазақстан етек-жеңін жинап, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемдік бәсекеге қабілетті болуға үнемі ұмтылып, түрлі бағдарлама қабылдап келеді. Соның бірі осы ғылым саласына тиесілі. Айта кетейік, отандық ғалымдар елімізде мал азыңы өнімділігін арттыру үшін арнайы ғылыми жоба әзірлеген. Нәтижесінде  әртүрлі топырақ жәнеде климaттық жағдайға бейімделгіш арнайы шөптің молекулярлы таңбасы жасалынған еді. Мінекей, бұл келтірілген мысал нәтижелі еңбектің аз бөлігі ғана. Алдағы уақытта қазақ ғылымы одан әрі дамып, өзінің мүмкіндігін әлемдік деңгейде көрсетері анық. Мен оған сенемін. Бала кездегі армандаған маман иесі болмасамда, бұл саладағы әрбір жаңалықты ерекше жаныма жақын етіп қабылдайтыным рас!