Get Mystery Box with random crypto!

Анамыздың мерейтойына сыйлық іздедік. Ғаламторды ақтарып отыры | batyrbloger

Анамыздың мерейтойына сыйлық іздедік. Ғаламторды ақтарып отырып, отандық зергерлік бұйым жасайтын шеберлерді таптық. Тапсырыс бердік. Өте қатты ұнады. Бағасының қолжетімділігін былай қойғанда, өте сапары және өте сәнді, әдемі екен. Анамызға қатты ұнады. Мамаларымызды қуанту – ең үлкен бақыт қой.
 
Отандық зергерлерді табу қиынға соқпады. Интернеттен іздей салып едік, алдымыздан самсап шыға келді. Ен Тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді жиғанымызға 30 жыл толып отырған тұста дәл осындай маңызды саланың дамуы көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, алтын-жақұт, күміс дегендер қазақ үшін айрықша маңызға ие, біз-бірімізге жиын-тойларда, дәстүр бойынша осындай сыйлар жасауымыз керек, апаларға білезік, әйелдерге алтын сақина немесе сырға дегендей...
 
2018 жылғы қызықты мәліметтерді келтірсек, бұл уақытта елдегі алтын өндірісі айтарлықтай алға жылжыған. Нақтырағы, өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемі 5978 кг. болыпты. Яғни, 2017 жылммен салыстырсақ, 8,7 пайызға артыпты. Ал күміс керісінше артқа қарай кеткен, нақтырақ, 12,2% қысқарып, 59 644 кг болыпты.  Зергерлік бұйымдар Қазақстанға Ресей, Украина, Қытай, Үндістан, Түркия секілді елдерден әр түрлі жолдармен келіп жатады. Алматыда саудаға түседі. Көбісінің сапасы сын көтермегенмен, бағасы едәуір қымбат. Бағасы төмен бұйымдар тек алтын мен күміске басқа металдарды да қосып жасалғандары. Ал күмісті таза 925-сынамамен өндіріп жатқан шеберлердің бұйымдары қымбат көрінеді.
 
Қазақстандықтар қазір өзге елдің өнімін тұтынбай-ақ, өзіміздің сапалы әрі арзан бұйымдарды алып, қолдау көрсетуге болады. Осылайша біз секілді жақыныңызды да қуантып, отандық өнімге де қолдау білдіре аласыз. Таңдау өз еркіңізде))