Get Mystery Box with random crypto!

Қарны ашып отырғандар оқымасын))) Палауды сүйсініп жеймін. Кеш | batyrbloger

Қарны ашып отырғандар оқымасын))) Палауды сүйсініп жеймін. Кеше бір досымның үйі қонаққа шақырып, барып қайтқанмын. Дастарханды жайнатып, көздің жауын алатындай безендіріпті. Динозаврдың жұмыртқасынан басқаның бәрі бар. Бір кезде ас әкелінді. Қып-қызыл өрттей жанып тұрған палау. Күріштері ұзыыын, бейне бір кеспе дерсің, өте әдемі көрінеді екен. Содан әрі қарай әңгімеміз күріш жайында өрбіді.

Еліміз үшін күріштің маңызы зор. Алакөл және Үштөбе сорттары әрі пайдалы, әрі дәмді, құнарлы болып келеді. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде, нақтырағы 2011 жылы Қазақстанда күріш бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге орташа есеппен 38 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл күріш шаруашылығы жалпы өнімдерінің 0,2 пайызынан артық емес. Бұл деңгей дамушы елдердің деңгейінен үш есе төмен және ауыл шаруашылығы секторы тиімді елдердің деңгейінен 15 есе төмен. Ресейде күріш шаруашылығындағы аграрлық ғылымды қаржыландыру соңғы екі жылда жалпы күріш өндірісінің 0,7 пайыздан астамын құрайды. Күріштің өнімділігі мен сапасын арттырудың басты тежеуші факторларының бірі уақтылы сорт жаңартуды жүргізбеу және тұқым шаруашылығы жұмыстарының төмен деңгейі болып табылады. Осы себептен соңғы 10-15 жылда күріштің өнімділігі артқан жоқ және төмен болып қалып отыр. Бұдан басқа, күріш алқаптарында саңырауқұлақты аурулардың пайда болуымен және қызыл топырақты сор-алқаптар басуымен байланысты күріштің өнімділігі мен сапасының төмендеуі байқалады.
 
Күріштің біздің елде өсірілетіні қандай керемет. Сондықтан да осы дақылдың бағасы да қалта көтеріп, қолжетімді болып жүр ғой. Күріш табиғи сорғыш қой, ағзамыздағы барлық токсиндерді өзіне сорып алады, тазалайды. Дақылдың көл-көсір пайдасын тізбектеп отырып, алдымыздағы ыдысты босатып тастаппыз. Тамақты айтып, өз қарным ашып кетті ғой