Get Mystery Box with random crypto!

batyrbloger

Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger B
Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger
Арна мекенжайы: @batyrbloger
Санаттар: Саясат , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.55K
Арнадан сипаттама

😎

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 20

2021-11-01 14:51:18
683 viewsbatyr_bloger, 11:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 17:32:31
1.4K viewsbatyr_bloger, 14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 17:32:07
1.4K viewsbatyr_bloger, 14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 17:31:34 Мен жалпы ковидке екпе салдыруға қарсы адамдардың бірі едім. Өзімнің журналисттік зерттеуім бойынша осы екпеге қатысты дүниелерді барынша зерттеп шықтым. Сонымен мен барған орталықта дәл осы күні су жаңа зертханалық кешен ашылыпты. Ал ішіндегі құрылғыларын Израильдік компания гуманитарлық көмек ретінде сыйға бергенін естідім. Тіпті алдағы уақытта отандық мамандармен өзгеде жоба аясында инвестиция салуды жоспарлаған екен. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы жеткен жетістігіміз деп мақтана айтамын ғой.

Ресми шараның куәсі болып, су жаңа зертханадағы автоматтандырылған құрылғыны көрдім. Мамандар болса , сіздің сынамаңыз халықаралық стандартқа сай жасалған жап жаңа жабдықпен тексеріледі деді. Ал оның ерекшелігі неде?, деп те қызықтым. Айтуынша, бұл құрылғының дәлдігі әрі су жаңа зертханалық жабдық тәулігіне 2500-ге дейін птр тест орындауға қабілетті екен. Бұдан өзге сынама нәтижелерді қалыптастыру, процесті мониторингтеу және жеделдету үшін жасанды интеллект технологияны пайдаланатын арнайы әзірленген бағдарламада берілмекші. Тәуелсіздіктің 30 жылында ауыз толтырып айтатын жемісті еңбек шетелдік инвесторлардың көптеп тартылуында! Статистика бойынша еліміздің тәуелсіздігі кезеңінде әлемнің жүз жиырмадан астам елінен 330 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылған. Оның негізгі бөлігі – Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі болып отыр.

Ал осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы негізінде айтар болсам, ел экономикасына тікелей шетелдік инвестиция көлемі отыз пайызға артқан. Осылайша бұл көрсеткіш 11,1 миллиард долларды құрап отыр. Басым бөлігі болса өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік капитал мен технологияларды тарту ел Үкіметінің басты міндетінің бірі.
Расында бұл саладағы жеткен жетістік Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту болып отыр. Алдағы 2025 жылға қарай шетелдік инвестиция көлемін жылдығы үшін 30 млрд долларға жеткізу жоспарланған. Бір ғана зертхана ашылу аясында Израильдік компания өкілдері қалада барлық салада инвестор болуға ниеттеніп отырса, бұл жоспарды орындайтын сияқтымыз. Егеменді елдің кезекті мерей тойында көрсеткіштер мен жемісті еңбек қатары артатынына сенемін.
1.3K viewsbatyr_bloger, 14:31
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 15:50:46
199 viewsbatyr_bloger, 12:50
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 15:50:27
207 viewsbatyr_bloger, 12:50
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 15:49:48 Мектепте дәстүрлі форматта оқу басталғалы таңертең жұмысқа барарда асыққан ата-аналардың баласын жетектеп мектепке ағылып бара жатқан көріністі көп көремін. Өзімнің балаларыма да сабақ бойынша сұрағы болса бірге ақылдасып істейміз. Бұл жолы шығарма жазуға тапсырма берген. “Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістік” тақырыбында жазу қажет екен.

Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарылған жемісті жұмыс көп. Оның барлығын тізіп шығатын болсақ, шығарма емес кітап жазасыз ғой деп күліп алдық. Меніңше бұл жолы азамаитық қоғамды дамыту жұмысв жайлы жазған дұрыс.

Себебі, Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің азаматтық қоғамы тұрақтылық пен институционалдық дәстүрлерді сақтап келеді. Яғни еліміздің сенімді серіктесі болған бірнеше ұйымнан тұтас институтқа дейінгі жолдан өткені тағы бар.

Егемендіктің 30 жылындағы маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығы болып отыр. Бұл дегеніміз отыз жыл бойы Қазақстан Республикасының алдында тұрған міндеттің бірі. Азаматтық қоғамды қалыптастыру және оны дамыту еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып саналады. Ресми мәліметке сүйенер болсақ, соңғы отыз жылдың өзінде үкіметтік емес ұйым желісi жүзден 22 мвңға дейін өскен. Басым бөлігі қоғам үшін қызметіе ауқымдатып, табысты түрде еңбек етіп келеді.

Расында егемендіктің отыз жылындағы жетістігі азаматтық қоғам ұйымдары жыл сайын мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларында өз қолданысын тауып келеді.

Азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі үшін құқықтық негіздер құрылып, жетілдіріліп жатыр.

Ал азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту шеңберінде елімізде волонтерлік жұмысты жүйелі дамыту шарасы қолға алынған. Мәселен, «Біргеміз» республикалық фронт-офисі шеңберінде өңір бойынша 17-сі құрылып, жедел желілерде ашылды. Сонвмее қатар Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы жұмвс жасауда. Осы тұста Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы деп білемін.

Негізі осы тақырыпты арқау еткеніміз дұрыс болды. Қызымның шығармасы өзгелерден ерекшеленді.
212 viewsbatyr_bloger, 12:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 15:23:41
290 viewsbatyr_bloger, 12:23
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 15:21:05
306 viewsbatyr_bloger, 12:21
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 15:15:07 Жалпы медицина мамандары екпені салдыру пәлекеттен алдын алу деп жатыр ғой. Жалпы бұл ғана емес өз басым көптен бері жұмыс басты болып емханаға тіпті тексерілуге бармай жүріп, денсаулық саласындағы өзгерістерге мән бермеппін.

Өз басым қайта жөндеуден өткен медициналық мекемеге кіргенде таң қалдым. Барлығы су жаңа құрылғы. Кірер кезде тіпті арнайы аппарат көмегімен автоматты түрде дене қызуымды өлшепте алды. Іштей, мінекей Тәуелсіздіктің 30 жылдығында медицина саласында жеткен жетістігімізді ауыз толтытырып айтуға болады ғой , деп қуанып қалдым.
Былтырдың өзінде ақ халаттылардың орташа еңбекақысы отыз пайызға артқан. Ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы болса 20 пайызға өскен болатын. Сондай-ақ, өткен жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту бойынша бірқатар жобалар іске асты. Мәселен өңірлердегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдығын толықтыру шарасы қолға алынды. Бұл жұмыстар өз кезегінде медициналық қызмет сaпacын оның тиімділігін әрі қoлжeтімділігін арттыруға арналған. Тәуелсіздіктің 30 жылында денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер ел патриотының барлығын дерлік қуантары анық.

Сонымен денсаулығыма мән берейін деп дәрігерлік тексеруге кірдім. Екі медицина маманы өзара әңгіме барысында өткен жылы еліміз бойынша он алты тез құрылатын жұқпалы аурулар ауруханасы салынғанын және үш жұқпалы аурулар ауруханасының жаңартылғанын айтып, бір жылдағы жасалған жемісті жұмысты баяндап отыр екен.

Расымен де солай, деп менде әңгімеге кірісіп кеткенім бар емеспе?) Білуімше, аудандық ауруханалар уақытылы диагностика жасау үшін 53 рентген құрылғысымен қамтылып, оның қырық тоғызы отандық өнім екендігін жеткіздім. Тіпті, 259 денсаулық сақтау ұйымы қосылған ұлттық телемедициналық желі арқылы консультациялық қызметтер көрсету белсенді дами бастағаны бар. Егеменді елдің 30 жылындағы атқарылған жұмыс жемісі уақыт өте тек артатынына сенім білдіремін.
Деніміздің сау болғаны үлкен бақыт қой, шіркін! Саулығымыздың қадірін біле жүрейікші.
384 viewsbatyr_bloger, 12:15
Ашу / Түсініктеме