Get Mystery Box with random crypto!

Астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес берілді Қорғалжын тас жо | Atameken Business - Жаңалықтар

Астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес берілді

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізуде.
Өрт сөндірушілер алдын ала 15 га алаңда өртті жою бойынша жұмыс істейді. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

t.me/atamekenbusiness_qaz