Get Mystery Box with random crypto!

Әлихан Смайылов Астана маңындағы тілсіз жауды ауыздықтау бойын | Atameken Business - Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Астана маңындағы тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады.

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.

Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылды.

Оны сөндіру жел екпінінің қаттылығы, батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиынға соғуда.

Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

t.me/atamekenbusiness_qaz