Get Mystery Box with random crypto!

Тегін домен керек пе? Жалпы тегін домен не үшін керек? Бір пр | ArshatGo

Тегін домен керек пе?

Жалпы тегін домен не үшін керек? Бір проект бастап көріп, уақытша тірлік үшін босқа домен сатып алғыңыз келмесе тегінін тіркей салуға болады. Немесе жалпы .kz аймағынан бөлек ашқыңыз келсе, қазіргі трендтердің бірі - түрлі елдердің домен аймағынан аша салуға еру.

Бірақ бәрібір тегіннің аты тегін ғой, қалай болғанда да ақша төлемей алу үшін ғана керек.

Freenom атты регистратор кей аймақ домендерін тегін ұсынады: TK / .ML / .GA / .CF / .GQ

.tk - Токелау аралдары, .ml - Мали, .ga - Габон, .cf - Орталық Африка Республикасы, .gq - Экватор Гвинеясы.

Мен мысалы arshatgo.tk деп тіркеп көрдім, сілтемені басқан кезде осы каналыма әкеледі. ТК - Телеграм Канал дегенге жақсы келеді. Сондықтан каналыңызды ерекше доменмен жарнамалағыңыз келсе, осыны қолдануға болады.

Тағы бір Porkbun деген регистратор .design деген доменді биыл тегін беріп жатыр. Ол үшін SIDEBAR21A промокодын жазу керек тіркелген кезде. Келесі жылы 35 доллар төлеп созасыз. Дизайнерлер үшін жақсы мүмкіндік негізі.