Get Mystery Box with random crypto!

'КерекИнфо мафиясы' деген мафия бар. Кезінде әлеуметтік желі ф | ArshatGo

"КерекИнфо мафиясы" деген мафия бар. Кезінде әлеуметтік желі функциясын атқарған блог-платформаның белсенді қолданушыларынан құралған топ. Қазір бұрынғыдай аралас-құраластық болмаса да, мафияның аты мафия. Бұрынғы деген болмайды

Сол ортадан талай медиа-тұлғалар шықты. Қазақша контентке үлесі мол адамдар көп. Телеграмда да бірнеше канал бар екен, біздікілер жүргізетін. Солардың бірнешеуін таныстыра кетейін:

@abilakim - Айсұлтан Жақыповтың авторлық каналы.

@beautylogic - Сән әлемі, фешн, сұлулық, қыздарски тақырыптар.

@eskisuret - Қазақ тарихындағы оқиғалар, тұлғалар, мекендер, ескі суреттер.

@GOCycling - Велоспорт әлеміндегі жаңалықтар.

@KalkaStop - Қазақ тілінде дұрыс жазу, калькасыз аудару, жалпы тіл сауаттылығы.

@kinostankz - Кино әлемі, рецензиялар, анонс-афишалар.

@kozildirikkz - Алмас Тоқабаевтың жеке каналы.

@podcastindex - Подкастингке арналған канал.

@prkazakh - PR, SMM, маркетинг, трендтер, вакансиялар.

@QazaqshaJaz - Желіде қазақша жазуды сұрайтын топ.

@qisyqaudarma - Аты Қисық болғанымен, өзі түзу әуесқой әдеби аудармалар.

@Uninteresting_story_KZ - Көңілсіз, циник, қара әзілдер.

@yerlango - Ерлан Оспанның әзілдері, қитұрқы посттары, салмақты жазбалары.