Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 33

2021-09-09 16:43:23 Намаздың денсаулыққа пайдасын білесіз бе?

1. Күн сайын таң намазына тұру, жүрек-қантамыр аурулары мен артериосклероз дамуын төмендетеді. Бұған Иорданияның кардиологтар Ассоциацисының зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Ұзақ уақытты ұйқы қанайналымының бұзылысына, қантамырлардың бітелуіне, жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне алып келеді. Ұзақ ұйқы барысында жүректің сғу жиілігі 50 рет минутына дейін төмендейді. Ал, оның алдын алу үшін ғалымдардың айтуы бойынша 4 сағат ұйқыдан кейін оянып, қандай да бір қимыл жасау керек екен. Ол таң намазына сәйкес келеді.

2. Бастың күнделікті сан рет сәждеге баруы себепті, ми қанайналымы жақсарады. Ол өз кезегінде, ми жасушаларының қоректенуін арттырып, есте сақтауды жоғарлатады.

3. Әрдайым алға еңкейіп, қайта тұрудың нәтижесінде, көзішілік қысым қалыпқа келіп, көздің ылғалдануы жоғарлайды. Катарактаның алдын алады.

4. Намаздағы изометриялық қозғалыстар, асқазандағы тамақтың жақсы қорытылуына және де өттің дұрыс бөлінуіне септігін тигізеді.

5. Бес уақыт намаздағы ритмді қозғалыс, артроздың алдын алып, буындарда тұз қалдықтардың жиналуын болдырмайды.

Тағы қандай денсаулыққа пайдасын білесіздер? Бөлісе отырыңыздар...
557 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 18:09:37 Хиджама пайдалы ма?

Хиджама жайлы екі пікір қалыптасқан. Біреу пайдалы, болады десе, енді бірі жоқ болмайды зиян деп жатады.

1. Әр процедура жасаған кезде оның мақсаты болады. Хиджаманың мақсаты - іркіліп қалған қанды алу. Қанды алған кезде, қанның құрамында жаңарып отыруы тиісті біраз информациялар бірге алынады.
2. Ол өз кезегінде қан түзу жүйесін, су-тұз алмасуын, иммундық жүйені, терморегуляцияны, газ алмасуды активтендіреді.

Қандай ауруларға ем бола алады?

Бұлшықеттегі қанайналымын жақсартып, бұлшықеттік спазмның алдын алады.
Буындардағы қанайналымын жеделдетіп, ауырсыну сезімін басады.
Асқазан-ішек жолдарында сөл бөлінуін активтендіріп, асқорытуды жақсартады.
Қан қысымын реттейді

Жаза берсең көп. Бірақ, неге xиджамадан кейін асқынулар болып жатады?
Біріншіден тазалық шараларын дұрыс сақтамағандықтан.

Екіншіден арнайы мекемеде, арнайы маман жасамағандықтан.

Үшіншіден қарсы көрсеткіштен ескермей жиджама жасау.
Хиджама жасау үшін керекті анализдерді тапсырып, арнайы маманмен қарсы көрсеткіш жоқ па екен кеңесіп алу керек.
552 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 18:14:56 Тұмаумен күресу

Бірінші кезекте, тұмау қандай ауру?

Қоздырушысы -- вирус Бактерия емес Сондықтан, тұмау антибиотикпен емделмейді ( егер екіншілік инфекция болмаса)

Қандай симптомдармен көрінеді?

Температураның жоғарлауы (38 градустан жоғары)
Әлсіздік және дененің сыну сезімі ( ломота)
Тұмау
Тамақтың ауруы
Мұрынның бітуі (Насморк)

Қалай емделу керек?

1. Көп сұйықтық ішу. ( Сұықтық арқылы токсиндер организмнен шығады)
2. Төсектік тәртіп ( Екі-үш күн үйде демалғаныңыз дұрыс, өз иммунитетіңіздің вируспен күресуге мүмкіндік беріңіз)
3. Егер температура болса парацетамол, ибупрофен ( ол тұмаудың симптомдарын, соның ішінде температураны түсіру, және жалпы жағдайды жақсарту)

Қалай сақтану керек ?

1. Жиі қолды жуу
2. Науқастармен контактіден сақтану
3. Ауырған адамнан маска тағуын өтіну

Қай кезде дәрігерге қаралу керек?

1. Тыныс алудың бұзылысы
2. Кеуде тұсындағы ауру сезімі
3. Бірден пайда болатын бас айналу
4. Естің бұлыңғырлануы
5. Қайталанатын құсу

Тұмау қалай жұғады?

1. Ауалы- тамшылы ( сол үшін сіз науқас адамның маска тағуын өтінесіз)
2. Контакт арқылы ( сол үшін жиі қол жуу керек, сабынмен, мұқият)

Тұмаумен жиі ауырасыз ба?
602 views15:14
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 17:03:54 Құрманың пайдасы

Құрма және Құрма ағашы Қасиетті Құран Кәрімде 29 рет кездеседі. Ислам діні қалыптасып келе жатқан кезде, мұсылман жауынгерлерінің қолданатын асы да осы құрма болған. Себебі, құрма бұлшықеттің дамуына көмектесетін тамаша жеміс. Тіпті, олар өздерімен бірге құрманы арнайы сөмкеде алып жүрген:)

Құрманың құрамында не бар?
Құрмада пайдалы заттар өте көп. Жемісте А, Е, В дәрумендері бар. Тағы бір ерекшілігі, құрмада басқа жемістерде көп кездесе бермейтін амин қышқылдары да кездеседі. Бұған қоса, құрма құрамында кальций, фосфор, калий, магний, темір, мырыш, марганец  және селен элементтері де бар. Құрманың 60% қанттан тұрады.

Құрма қандай ауруларға ем?

Azankz сайтында құрманың адам ағзасына пайдасы туралы былай баяндалады. Дәрігерлер әйел адамдарға жүкілік кезінде және де босанатын күні үзбей осы жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Себебі,бұл жеміс шырыны ағзасы әлсіреген анаға күш береді, сонымен қатар босанушы әйелдің ағзасында жаңа туылған нәрестеге өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап өте қажетті ана сүтін құрайтын химиялық реакцияның жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
⠀ Босану кезінде әйел адам көп қан жоғалтатындықтан қанының құрамында қанттың мөлшері төмендеп кетеді. Құрма ағзадағы қантты толтырушы болып табылғандықтан, қан қысымының төмендеуін болдырмайды.

Тек босанушы әйелге ғана емес, анемиямен күресіп жүрген жандар үшін де құрма таптырмас ем. Темір – құрмадағы тағы да бір минерал. Ол  қанның қызыл жасушаларындағы эритроциттер түзші гемоглобиннің жұмысын реттейді. Қан аздықтың алдын алады.

Құрманың құрамындағы окситоцин деген химиялық зат заманауи медицинада босанатын әйелге жәрдем беретін препарат ретінде қолданылады.
Босану процесі сәтті өтуі үшін жатыр бұлшық еттерін дұрыс жиырылуы маңызды. Окситоцин өз кезегінде жатыр бұлшық еттерінің белсенді түрде жиырылуына белсенді ат салысады.

Құрма құрамындағы ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.

Құрманы ішек қызметі бұзылған кезде қолдану ұсынылады.
1.1K views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-09-05 17:14:32 Балдың пайдасын білесіз бе?

Қателеспесем осыдан 3 жыл бұрын, балдың асқазанға пайдасы зор дегенді оқығаннан кейін, таңертең тұра сала 1 стакан суға бір қасық бал салып ішуді әдетке айналдырдым. Менің бір әдетім, өзім пайдалы әдетке үйренсем үй-ішіме соны насихаттап, қадағалап бәрін соған үйретіп аламын Сонымен не керек, қазір ата-анам, әпкем, ағам барлығы таңертең балмен су ішуді әдетке айналдырған. Әкем, жыл сайын жайлаудан, әр қайсымызға арнайы 7 кг бал алдырып қоятын болған. Сол балдың пайдалы қасиеттері туралы басқалар да білсін деген ниетпен, бөлісейін деп шешім қабылдадым.

БАЛ НЕГЕ ҰЗАҚ САҚТАЛАДЫ?
Бал - микроэлементтерге өте бай. Тіпті, құрамы қан плазмасымен өте ұқсас болып келеді екен. Сонымен қатар, оның қышқылдығы ph- 3-4,5 арасында, ол барлық зиянды затты пайда болмай жатып өлтіреді.

БАЛМЕН СУ АСҚАЗАНҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Балдың микробтарды өлтіру қасиеті бар. Сондықтан, гастрит (асқазанның шырышты қабатының қабынуы) сияқты аурулардың таптырмас емі және алдын алушысы. Әрі асқазандағы шырышты қабаттың тұтастығын сақтап тұруға, ал бұзылған жағдайда қалпына келтіру қасиетіне ие.

БАЛДЫҢ ТЕРІГЕ ӘСЕРІ БАР МА?
Болғанда қандай:) Ол таптырмас антиоксидант (ағзамызға іштей жағымды әсер ету арқылы біздің қартаюымызға тосқауыл болатын зат). Яғни, организмнен токсиндерді тәртіппен шығарып тастаумен айналысады. Ал, теріңіз ерекше күтімге зәру болса, ерекше көмек ретінде балмен масканы қолдансаңыз болады.

БАЛДЫҢ ЖҮРЕККЕ ӘСЕРІ БАР МА?
Жоғарыда аталып өткен антиоксидант, xолестерин деңгейін түсіреді. Бәрімізге белгілі, жоғары xолестерин жүрек ауруларына әкелуші фактор, соның алдын алады. Ол ғана емес, балдың тәтті дәмі гипоталамуспен танылып, раxаттану орталығын іске қосып, парасимпатикалық нерв жүйесі активтендіреді. Сол арқылы, қан қысымы төмендейді:)

ЖҮЙКЕНІ ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ ДЕГЕН РАС ПА?
Рас:) Бал құрамындағы глюкоза, мидағы нейрон қызметінің дұрысталуына септігін тигізеді. Ол тез арада қанға сіңіп, адамның жүйкесі тынышталады.

Жаза берсем, балдың пайдасы бір кітап болатын түрі бар.
Енді сұрақ
Сіз балды қолданасыз ба? Қолдансаңыз, қай жақтың балы күшті деп ойлайсыз?
342 views14:14
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 17:23:49 Балам емген кезде, ұйықтағанда көп терлейді, бұл қалыпты ма деп сұрап жататын аналар көп.

Тершеңдік - белгілі бір аурудың жалғыз ғана себебі болмайды.

Витамин Д мен кальций жетіспеушілігі кезінде тершеңдік жалғыз көрінісі емес, қосымша басқа да симптомдары болу керек.

Балалар неге терлейді?

Бұл - термореттеудің бір әдісі. Яғни баланың қызып кетпеуін қамтамасыз ететін қорғаныс механизмі.

Қай кезде терлейді?

Бөлме ыстық болса
Бала неге түнде терлейді деген сұраққа байланысты.

Балалар температурасы 18-22 ‘С және ылғалдылығы 40-60% бөлмеде ұйықтау қажет.
Киімдері, төсек жабдықтары табиғи матадан болған жөн.

Қатты қымталған кезде

Балаларды да өздеріңіз секілді киіндірген дұрыс.

Көп қимыл қозғалыс болса

Балалар өте көп қимыл- қозғалыс жасайды, сондықтан да көп терлейді.

Баланы емізу кезінде неге терлейді деген сұраққа осы жауаптың қатысты бар.

Ана төсін ему - ол үлкен жұмыс, сондықтан ему кезінде терлеу ол қалыпты.

Келесі фактор- тұқымқуалаушылық.

Сонымен, балаларға терлеу қажет!!!

Ал сіздің балаңыз терлей ме?
1.4K views14:23
Ашу / Түсініктеме
2021-09-03 16:57:08 Жаңа туған нәрестенің сүт безі неліктен ісінеді?

Нәресте туылғаннан кейін 3-7 күні пайда болатын сүт безінің ісінуі, сүт безіндегі ақ бөліністің пайда болуы, қыз балаларда жыныс ағзадан қан немесе ақшыл-сұр түсті бөліністің пайда болуы, ер балаларда жыныстық ағзасының ісінуі қалыпты болып саналады.

Олар 2-3 аптаның ішінде өздігінен кетеді.

Сүт безі сығуды, ешқандай емді талап етпейді. Керісінше сығу арқылы сіз сүт безіне инфекция түсіріп, қабыну процесін туындатуыңыз мүмкін.

Нәрестедегі бұл өзгерістер анасындағы жүктілік кезінде деңгейі жоғары болған эстроген (жыныс гормондары) гормонының әсерінен, яғни босана сала ана қанындағы эстроген гормоны ағзадан шығарыла бастайды, осы кезде гормон сүтке өтіп, балада жоғарыдағы белгілер пайда болады.

Ал сіз бұл ақпаратты білдіңіз бе?
395 views13:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 16:59:57 НӘРЕСТЕ САРҒАЮЫ

Сарғаюдың екі түрі бар: физиологиялық және патологиялық. Бүгін біріншісі туралы айтатын боламыз.

Қазіргі кезде бала туылғаннан кейін перзентханадан үйге ерте шығарып жіберуді қолға алып жатыр. Ал балада ең маңызды өзгерістер осы үйге шыққаннан кейін болады: транзиторлық жағдайлар, сарғаюдың пайда болуы.

Нәресте құрсақта жатқанда фетальді гемоглобин болады, ал ол туылғаннан кейін фетальды гемоглобиндер ыдырап, одан билирубин пигменті бөлініп шығады. Ол липофильді (майда еритін) және майлы тіндерде жиналады, ал жаңа туған нәрестеде майлы тін көп, соның нәтижесінде тері қабаты және көздің склерасы сары түске боялады.

Бауыр билирубинді бейтараптандырады, бірақ нәрестенің ферментативті жүйесі толық жетілмегендіктен дұрыс жұмыс істей алмайды.

Физиологиялық сарғаю 3 -күні көрініп, 10-14 күнге қарай кетеді.

Қалай емделу керек?
Урсосан, хофитол т. б қолдану тиімділігі дәлелденбеген.
Бұл өтті айдайтын препараттар, ал физиологиялық сарғаюдың пайда болу механизмі басқа.

Су ішкізу әдісі де тиімді емес, себебі емізуге кері әсерін тигізеді.

Жиі емізу жеткілікті!

Физиологиялық сарғаюды қалай емдейміз?

омыраумен жиі емізу

Фототерапия

Фототерапияның тиімділігі дәлелденген, ол тура емес билирубинді тураға ауысуға және оның ағзадан тез шығарылуына жағдай жасайды.

Мына жағдайларда дәрігерге дереу көрсету керек:

нәрестенің бүкіл денесі сарғыш+ алақан мен табан сарғыш болса,
нәресте ұйықтай берсе, әлсіз болса
омырауды ембей қойса
түссіз нәжіс

Ал сіздің балаңызда физиологиялық сарғаю болды ма?
54 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 17:48:44 СТОМАТИТ

Балалық шақта стоматиттер жиі кездеседі. Ол немен байланысты?
Біріншіден, сөл бездері баланың 2 айлығына қарай сөлді бөліп бастайды. Ал үлкендердікі сияқты жұмыс істеуі 3 жасқа қарай қалыптасады.
Бәрін аузына салып көруі қосымша ауыз қуысында инфекция мен травмалардың пайда болуына әкеліп соғады.

Стоматиттер балаға көп ыңғайсыздық туындатады: ол қатты ауыру сезімі, температураның көтерілуі, аппетиттің болмауы, әлсіздік, мазасыздық.

Аузының ішін қарасақ:
Афтозды стоматит - ауыздың шырышты қабаты ( таңдай, қызыл иек, тіл) афталар- сырты қызыл (қабынған) сақина секілді қоршалған ішінде ақ дақтар. Қатты ауырсыну тудыратын жағдай.
Бірақ фармкомпаниялар ауырсынуды басатын әрі антисептикалық әсері бар дәрілердің түрлерін шығарған. Оларға Камистад гель т.б жатады.
Егер бала аузын шая алатын болса Элюдрил ерітінділермен шаюға болады.

Герпестік стоматит ауыз қуысында, ерінде іші түссіз сұйықтыққа толы домалақтар. Емі - ацикловир (ішуге де болады, жақпамай түрінде де бар) - оны баланың жағдайына қарай дәрігер тағайындайды.

Кандидозды стоматит - көбінесе еметін балаларда көп кездеседі. Ауыз қуысында ірімшік тәрізді жағындылар. Қоздырғышы- Candida туыстығына жататын шартты - патогенді зең. Ол қалыптыда барлығында кездеседі. Бұл жағдайда дәрігер зеңге қарсы арнайы дәрі тағайындайды (мысалы, Нистатин).
1.2K views14:48
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 15:28:47 Тісің ауырды ма?

Сонымен бүгін ерте жастағы балалар кариесі туралы айтайық ( 3 жасқа дейінгі) - бутылкадан пайда болатын кариес.

Балаларда кариес не себепті пайда болады?
- бірінші себебі- Streptococcus mutans - осы бактериямен бала үлкендерден жұқтырады (сүю арқылы, сосканы, бутылканы анасы аузына салып беруі, тамақты өзінің қасығымен беруі)
-тамақ рационында тәттінің көп болуы (шырындар, компот, конфеттер, т.б)
-тісті тазалауды кеш үйрету
-минерилезацияның бұзылуы

Емі!!!
-Стоматолог қарауы мен кеңесі қажет

Кариес дамуының профилактикасы:
1. Ең бірінші тіс шыққаннан бастап тазалау (бірінші шыққан тістерін марлімен сүрту, силиконды саусақ)
2. Баланың бутылкасы мен соскасын дәмін көремін деп ауызға салмау, үлкендердің қасығымен тамақтандырмау!!!
3. Тәтті жеуді шектеу!!! Әсіресе жатар алдында!!!
4. Кальций аз болса профилактикалық дозада кальций мен Д витаминін қабылдау!!!
5. Стоматологқа профилактикалық қаралу!!!

Кариесті тістер қауіпті ма - ия қауіпті- қосымша инфекция көзі - міндетті түрде емдеу қажет!!!

Құрметті аналар стоматолог қарауында қашан болдыңыздар?
833 views12:28
Ашу / Түсініктеме