Get Mystery Box with random crypto!

Премьер-Министр 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсы | Новости ПК

Премьер-Министр 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды

Олар: Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл өңірлер ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайды.

Бұл аймақтарда «Ashyq»-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері, ашық және жабық базарлар, діни нысандар демалыс күндері жұмыс істемейді.

Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

t.me/aibat_news