Get Mystery Box with random crypto!

QazaqGaz қазақ дизайнерлерін менсінбейді: Ресейліктерге қашанғ | DALA INSIDE

QazaqGaz қазақ дизайнерлерін менсінбейді: Ресейліктерге қашанғы жалпақтай береміз?

Ресейлік дизайнер Артемий Лебедев жасаған QazaqGaz логотипінің төңірегіндегі дау басылмай тұр.

Ресейлік фирма қазақстандық ұлттық компанияның жеткізушілер тізіміне қалай кірген?!

Себебі: сатып алу ережелерінде қазақстандық жеткізушілердің басымдығы, ең жақсы бағамен жеткізушіні таңдау және қоғамдық бақылаудың ашықтығы қарастырылған.

Бұл «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының сатып алу жүйесінің тиімділігіне күмән келтіреді. Еске салайық, сатып алу жүйесін реформалау міндетін биылғы жылдың қаңтарында президент Алмасадам Сәтқалиев қойған болатын.

Сонымен қатар, Ұлттық әл-ауқат қоры жүйесінде әлі де болса «еншілес» компанияларға сатып алу үдерісін ережеден және тендерлік рәсімдерден тыс жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәжірибе бар екені белгілі. Бұл жай ғана ресми негіздер мен «Самұрық-Қазына» басшылығының тікелей келісімін қажет етеді.

Дәл осы «электрондық пошта арқылы сатып алу» тәжірибесі, тендерлік процедураларсыз және Қордың тендерлік алаңынан тыс, ұлттық компаниялардың басшылығына шетелдік жеткізушілерден қымбат қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибені ұлттық компанияларда жұмыс істейтін ресейлік менеджмент ресейлік компаниялардың мүдделерін лоббирлеу үшін де қолданады.

Басшылыққа жағымсыз жеткізушілерден қымбат қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін бұл тәжірибені түбегейлі тоқтату керек деп есептейміз.

https://t.me/dalainside