Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы | Zamanayi Qazaqstan

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда ресейлік Имам Хатаевпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, бесінші боксшымыз Токио Олимпиадасымен қош айтысты. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.