Get Mystery Box with random crypto!

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оқушылар оф | Zamanayi Qazaqstan

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оқушылар офлайн режимде оқуы үшін барлық білім мекемелерінде "Ashyq" жүйесі жұмыс істейтінін айтты

Жандарбек Бекшин, ең алдымен, мегаполистің барлық мектептеріне "Ashyq" жобасы енгізіліп жатқанын айтты. Бұл КВИ жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдарды оқу орындарына жібермеу үшін жасалады.
"Біз президенттің оқушылар офлайн жағдайда оқуы тиіс деген тапсырмасын орындауды көздеп отырмыз. Бұл үшін оқушыларға қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап өтті Бекшин брифингте.
Қазіргі уақытта "Атамекен" аумақтық палатасының хабарлауынша, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100% QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша жұмыс істеуге дайын