Get Mystery Box with random crypto!

Біз Құраннан тақуалар, жəннатқа кіретін сипаттағы адамдар тура | ұстаз Ерсін Әміре

Біз Құраннан тақуалар, жəннатқа кіретін сипаттағы адамдар туралы естігенде бірден өзімізді еске аламыз. Осы аяттардың бəрі өзіңе арналып жатқан сияқты. Садақа бергендер туралы айтылса берген азын-аулақ тиын-тебенімізді еске алып, түнде намаз оқығандар мақталса айына бір рет тұрған тахаджудымызды ойлап мəз болып қаламыз.

Ал екіжүзділер, тозақы адамдар жайлы аят естігенде басқалар еске түседі. "Мына аят ана танысыма арналғандай екен, анау аят мына көршіме тура келетін сияқты ма" деп тағы қыбымыз қанып қалады. Бірақ, бəрі керісінше болуы мүмкін ғой. Нағыз оңбаған өзіміз шығармыз, Алла сақтасын. Осы жағын ойланып, кемшіліктерімізден арылу керек.

ұстаз Ерсін Әміре