Get Mystery Box with random crypto!

АЛЛА ЕЛШІСІ ﷺ АДАМ ЕДІ...! (маңызды насихат) ... Пайғамба | ұстаз Ерсін Әміре

АЛЛА ЕЛШІСІ ﷺ АДАМ ЕДІ...! (маңызды насихат)

... Пайғамбарымыз ﷺ намаз оқыған кезде аяқтары ісіп кететін еді. Бірақ, "Пайғамбарымыз ﷺ аяқтарының іскенін сезбейтін, ешқандай ауыртпашылық сезбейтін" деп айтуға болмайды.

Пайғамбарымыз ﷺ біз секілді табиғат тұрғысынан адам еді және хадисте өзі айтқандай "Мен ауырған кезде сендерден екі адамның ауруын сеземін" дейтін. Пайғамбарымыз ﷺ біз секілді адамдардың ауырғанынын екі есе көп сезінетін еді.

Кейбіреулерге осындай мәселені, "Пайғамбарымыз ﷺ түнімен намаз оқыған ғой" деп айтсаң, ол "Ой, ол Пайғамбар ғой!" дейді. "Ол - Пайғамбар ғой!" деген сөзді Пайғамбарымыздың ﷺ сипаты адамдық дәрежеден жоғары деген секілді мағынада айтады.

Егер біз Пайғамбарымызды ﷺ адамдық сипаттан жоғары деңгейге қоятын болсақ, онда Пайғамбарымызды ﷺ өзімізге үлгі тұта алмай қаламыз, яғни Ол бізге үлгі тұтуға лайықсыз болар еді. Егер періште болса "Ол періште, ал мен адаммын ғой" дер едік.

Сол үшін де Пайғамбарымыздың ﷺ адам екендігін, ораза тұтқан кезде қарны ашатындығын, қарны ашқан кезде қарнына тас байлап алатындығын, намазға тұрған кезде аяқтары ісіп кететінін және оның ауырғандығының сезетіндігін білуіміз керек. Біз Пайғамбарымызды ﷺ бұл тұрғыдан адам ретінде көрген кезде, өзімізге үлгі ете аламыз.

ұстаз Ерсін Әміре