Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 98

2021-10-14 14:11:14 #Талдыкөл вальсі. Медиабетпақтық.

/Мұны жазған адам "Кіші Талдыкөл" деген көл барын мойындамайды және сасық тоғанды жоспар бойынша рекреация жасау керек деп есептейді. Бұл жәйт шамына тиетіндер оқымай өтіп кете берсе болады/

Мынау - картадағы Талдыкөл. Совет құпия әскери картасынан алынған (шпион емеспін, Google Play-де тұр).

Көлді әскерилер өздеріне тән бірбеткейлікпен "накопитель-испаритель" деп, дүңк еткізіпті. Карта - консерватив дүние, ендеше болашақта да бейшара көл қаланың қалдығын қорытатын болады деп шешілген (яки, Целиноград горкомы оянныйларға сондай мәлімет берді деп топшылайық).

Келесі картадағы - бүгінгі Талдыкөл.

Картаның советтік нұсқасында "Кіші Талдыкөл" деген атауға ие нысан жоқ. Жаңасында да жоқ. "Кіші" Талдыкөлдің суы жаңаратын көздер болғанда, советтер оны да көл деп жазып қояр еді. Неге дейсіз бе? Дәл осы әскери картадағы Қытайдың, жалпы кез келген жердің картасын қараңыз. Бөтен елдердің суының бүкіл тарамына дейін тәптіштеп салған маньяктар Ақмоланы да әбден сипаттауы керек. Бұл әлгі - логика іздейтін логиктерге түсіндірме. Логика тек - логика алгебрасы мен электроникада жұмыс істейді, ал бұл - өмір.

Соның арасында медиада экожиһадшылардың келтірмеген дәйегі қалмады. Біреу бұл жерді суалтудың шығыны жылына 100 млрд теңгеден асады депті(?). Есептеу әдісі қызық. Мысалы, бір қоқиқазды 500 АЕК-пен есептеп шығарыпты! Планктондарды да есептеген бе, сондай бірдеңе.

Ал әйгілі Вадим Борейко "қамысты өртеген кезде, аққулар түнімен жылап шықты" деген лейблмен анонс жіберіпті. Дәйекпен бауыздайтын журналистің осылайша лирикаға бой ұрғанын - аргумент тапшылығынан деп ұқтым. Әрі қарай - қалдаяқов-стайл "Талдыкөл вальсін" жазып жіберу керек, басқа не қалды. Айтпақшы, тақырыпқа әйгілі Ақын Ақыныч-та кірісіпті, вальс шынымен шығып қалар.
100 viewsYerlan Ospan, 11:11
Ашу / Түсініктеме
2021-10-14 14:10:54
94 viewsYerlan Ospan, 11:10
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 20:47:38
Ксения Сочиде көлік апатына ұшырады. Бірнеше сағаттың ішінде аэропорттың қауіпсіздік қызметі оның аэропорттағы видеосын, ал полиция - апат орнындағы видеосын журналистерге сатып жіберді.
Қызығы, қазір жеке бас құпиясы бар деп ойлайтындардың бары.
56 viewsYerlan Ospan, 17:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 20:21:24
"Экспресс-ғылым" десем бе екен мұны.
61 viewsYerlan Ospan, 17:21
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 17:44:31 #Пси

Сарайға көмір атып жатыр екен.

Бұл бір, қызық нәрсе, көмір ату деген. Бір жағынан, қашан таусылады екен деп қарғанасың. Басқа жағынан, көп болғаны өзіңе жақсы екенін түсініп тұрасың. Сосын ба, егер атып болғаннан кейін әл қалса, "қап, тағы бір үш тонна болғанда..." дейсің. Әл қалмаса... ертеңге қалдырасың да, ертеңіне атып болған соң, "қап, тағы үш тонна болғанда..." деп, бәрібір қапа боласың.

Бұл адам деген өзін өзі түсінбейді ғой, біреу қайдан түсінсін...
80 viewsYerlan Ospan, 14:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 15:48:34
1982 жыл. Алматының миллионыншы тұрғынын рәсімдеу салтанаты. Мейрамбек Беспаев қазіргі қалпы.
83 viewsYerlan Ospan, 12:48
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 12:38:07
86 viewsYerlan Ospan, 09:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 08:51:42
Кейде совет уақытындағы фотоларды салып, "небәрі 18-20 жастағы қыздарды қараңдар, 50-60 жастағы кемпірлер сияқты" деп жатады. Өкініштісі, ол рас. Колхозда өгіз орнына жегіліп, есек орнына арба сүйреген бойжеткендер қатты қартайып кетті.

Ал мынау - 1985 жылғы айтыстан скриншот. Бірақ, мұндағы адамдардың дені шынымен үлкен кісілер. Себебі, айтыстың билеті номенклатурадан, атқамінер-шөпкетышардан ауыспайтын. Совет кезеңіндегі менің есімде қалған айтыстарда жастардың үлесі ешқашан залдың 5% жеткен емес.
Оған, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты қосыңыз. Операторларға 5-10 сом қыстырып жіберсеңіз, олар сені, сен отырған қатарды ірі планмен береді. Ал бұл жерге келетіндердің бәрінде ақша бар. Сосын әлгілер "мені телевизордан көрсетті" деп мақтанып жүреді.
100 viewsYerlan Ospan, 05:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 07:43:48
Facebook: Roman Burkash

Қазекем нарыққа бой ұрғанда, Адам Смит нағашы көкеңдей көрінер.
116 viewsYerlan Ospan, 04:43
Ашу / Түсініктеме