Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 95

2021-10-20 11:55:23
#ЖауапСтриптер

Ал мынаны енді, хит болуға жазылған стрип дер едім.

1. Бір нәрсені мың қайтара сұрайтындарға, тіпті мультфильм салып көрсетсең де - бәрібір түсінбейтіндерге;

2. Даннинг-Крюгер құбылысына кез болып, бұл малға енді ештеңені түсіндіріп қажеті жоғына көзің әбден жеткенде.
54 viewsYerlan Ospan, 08:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 10:59:46
#ЖауапСтриптер
Сексистерге, сақалдылар мен алқаш не қаңғыбас құрбысы барларға керек болады.
62 viewsYerlan Ospan, 07:59
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 16:10:21
#ЖауапСтриптер
"Даладағы қуғын" шедеврін кесуді жалғастырамыз.

Кейде біреу, мысалы, бастықсымақ жас бала, ақыл айтып қыртып тұрады. Сонда оның осы табалдырықтан қалай имене аттағаны, әркімнен бір көмек сұрап жүргені есіңе түседі де, бір қапшық қара жының ұстайды.
Немесе, кәсіпке бүгін таңертең келген шикіөкпе - осы істің басы-қасында шіркеулер бөлінген заманнан бері жүрген саған "әңгіме" айтады.
Сондай сәттерге таптырмас стрип.
86 viewsYerlan Ospan, 13:10
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 12:03:46 "Эхо Москвы" радиосындағы "Цена победы" бағдарламасында II дүниежүзілік соғыс уақытындағы адам нанғысыз мансап жолы туралы әңгіме болды*.

Тақырып болған Георгий Иноземцевтің еңбек жолы шынымен қызық. Ол әскерге екі қайнаса сорпасы қосылмайтын археолог еді. Институт бітірген соң, Дондағы Ростовта түрлі уақ қызметтердің басын шалып, өлке тарихын зерттеп, тірлік кешіп жатқан.

1942 жылы әскер қатарына шақырылғанда, жасы қырықта екен. Яғни, қылшылдаған жас емес. Соғыста үсті үстіне жеңіліп жатқан билік амалсыз үлкендерді шақыра бастаған.

Сөйтіп, әскер қатарына шақырылған Георгий Иноземцев небәрі үш жыл ішінде дивизия басқаруға дейін өседі(!). Ұрыстарда жанқиярлық танытып, Совет Одағының батыры атанады. Қызығы сол: оның айла-тәсілдері кәсіби білімі бар әскерилерді он орап алады. Бұрын ешқашан әскерде болмаған адам болса да.

Тіпті қызығы, жеңіс жылы оны кенет отставкаға (запастағы офицер ретінде) жібереді. Ең болмаса полковник мансабын да бермей (подполковник шенімен қалды).

Тарихшы Дмитрий Прокофьев бұл шарт үзілген еңбек жолын былай түсіндіреді. Мемлекет қысылтаяң кездерде көзсіз ерлікке зәру болып, тіпті мен де санасады. Ал ұпайы түгенделген соң оларды лақтырып тастайды. Иноземцевтің мысалы әскери билікке қауіпті еді. Саяси билік ертең: "қайда әлгі әскери институттарың, генерал-менералдарың? Қайдағы әлжуаз археолог оқу-тоқусыз-ақ бәріңді айырып алды!" деуі әбден мүмкін. Қаржы-мансап сұраған сайын алдыңа келтіре беруі ықтимал. Әскер билігі Иноземцевтен сондықтан тез-тез құтылды дейді.

Тұспал болғанымен, бек сенемін осы ойға. Қазақстанда да аңғалдығынан қырық есе, кейде жүз есе арзан шешім ұсынатындар көп. Бірақ олар миллиардтап жеп-ішетіндерге қауіпті. Жатқан жерің жайлы болсын, батыр Георгий Иноземцев!
___
* -

51 viewsYerlan Ospan, 09:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 12:03:02
Совет Одағының батыры Георгий Иноземцев
52 viewsYerlan Ospan, 09:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 13:31:03
#ЖауапСтриптер
"Даладағы қуғынды" стриптерге жіліктеуді жалғастырамыз. Бұл видеоны қыз-келіншектер сақтап алсын. Олар сексизм мен патриархалдық толы айтыс-тартыстарға үнемі кезігеді. Сонда айтуға сөз таусылғанда осы видеоны жібересіз/каммент ретінде тастайсыз.
168 viewsYerlan Ospan, 10:31
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 12:29:20
"Игра в Кальмара" тақырыбындағы мерчтер.
https://www.instagram.com/p/CVKad0GAzge/?utm_medium=copy_link
23 viewsYerlan Ospan, 09:29
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 12:18:06
#ЖауапСтриптер
"А?", "неге?" деп, үнемі аузы аңқиып жүретін адамдарға жіберуге.
31 viewsYerlan Ospan, 09:18
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 09:43:25
"Ең үздік" дегенге қырқысып қалдық.

"Үздік" деген сөздің өзі ең-еңдердің еңі ғой.
-Жоқ, - дейді оппонентім, - гуглден тере бастап көріңіз...

Не істейміз, "өзің біл онда" деген аргументті жібереміз мұндайда.
35 viewsYerlan Ospan, 06:43
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 08:36:27
#ЖауапСтриптер
Ыңғайсыз ұсыныс жасаған адамды боқтап жіберсең - этикаға жат. Ал басқа біреудің аузымен жауап берсең - саған ештеңе істей алмайды.
Сонымен, мына стрипті - адамның ашкөздігіне аң-таң болған кезде жібересіз.
49 viewsYerlan Ospan, 05:36
Ашу / Түсініктеме