Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 93

2021-10-26 19:35:21
Әйгілі композитор Дмитрий Шостаковичтің өз аузынан жазып алынған дейді*:

"... Жамбыл бір ауыз орысша білмеген. Жоқ, білген: "гонорар" деген сөзді. Оған бірдеңеге қол қоярда гонорар сұра деп үйретіп қойған. Сол кезде саған ақша береді деп.

Қағазға қол қойған сайын Жамбылдың қалтасы қампая берді. Бұл оған жақты. Дегенмен, бірде құр қалды. Оны Мәскеуге әкелген еді. Пионерлер қаумалап, автограф сұрасын. Сонда кәрің "гонорар" депті... Өлеңі емес, жай, қол қойғаным ақша тұрады деп ойлайды екен...

...Жамбылдың орнына орыс ақынсымақтарынан құралған тұтастай жасақ жұмыс істеді. Ішінде Константин Симонов та болған. Олар енді, саясаттың ауанын аңғаратын адамдар ғой. Сондықтан, ең алдымен Сталин туралы көбірек жазу керек екенін түсінді. Бірақ Ежов сияқты жандайшаптарын да ұмытпады әрине..."
_______
Волков С.М., "Свидетельство. Воспоминания Дмитрия Шостаковича". Нью-Йорк, 1979 жыл.
75 viewsYerlan Ospan, 16:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 08:15:34
Экономист Ариэль Карлински (https://github.com/akarlinsky) түзген өлім көрсеткіші графигі.
Күлгін - биыл, 2021 жылы
Қызыл - былтыр, 2020 жылы
Сұр - 2015-2019 жылдар арасында
Соңғы рет жаңартылған уақыты: 24.10.2021 (кеше)

Күлгіннің тренді мазалайды. Биыл құлдыраған жері аз екен.
52 viewsYerlan Ospan, 05:15
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 07:47:52 #ЕркекӨсек
ХАЛЫҚ САНАҒЫ

Тексерілмеген өсек бойынша, халық санағы бойынша биліктің жанұшыруында үлкен гәп бар. Либерал топтарда ковидтен шын мәнінде... миллиондай адамнан айрылдық деген қорқынышты тұспалдар имене-имене айтыла бастады. Енді бюджетті коррекция жасау керек. О баста өтірік ресми статистикаға медиктердің өтірік рипорттары қосылып, билік әбден шатасып, ақыры өзі қолмен есептеп алуды шешті дейді. BigData мамандарының кестелері (мысалы,
https://github.com/dkobak/excess-mortality) шын мәніндегі өлім көрсеткіші о баста жасырылғанын әшкерелеп отыр.

Айтпақшы, әңгіме Ресей туралы. Ол жақта да халық санағы жүріп жатыр. Жанұшыра, тез-тез. Айтпақшы, губернаторлардың пәрменімен - қосып жазу белең алыпты. Әйтпесе мектеп, жол, аурухана салуға қазіргі әсіре сараң үкіметі бір тиын бермейді (Ресей тапқан-таянғанын біздегі сияқты "Самұрығына" - ФНБ-ға айдап жатыр). Ал тендер дегеніміз - биліктің тірегі ғой.
61 viewsYerlan Ospan, 04:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 16:21:48
Image: Facebook - Vadim Lukashevich.
Тақ сандар қысқарып кетіпті деп жатыр, енді тек екіден бастап санаймыз.
65 viewsYerlan Ospan, 13:21
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 15:37:29
Мәдени тығырық. Мына қолсозым жерде жасыл жанғанын күтіп тұрған күлкілі сияқты. Бірақ оқушыларға жаман үлгі болмау үшін амалсыз күтесің. Сөйтсең, басқалар әрі-бері ұрып жүреді. Балалар жоқ кезде қызылға өтіп, көп кездерде жасылды күтіп, жүріп жатқан сол. Бірақ күтіп тұрғанда күлкім келеді әлі. Қойды-ау бағдаршамды қоятын жерге бұлар да.
78 viewsYerlan Ospan, 12:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 14:20:53
Медиа бәрібір адамға әлдебір ұстанымдарды таңады. Білдірмей ғана.

Кеше таныстардан, "террорист туралы фильмде оның ұлты кім болуы керек?" деп сұрай салғам. Бәрі бірден "араб!" деп жамырағаны. Оларға диссонанс үшін осы фотоны жібердім.

Кодзо Окамото, жапон террорисі. 1972 жылы Израильдің Лод аэропортында 26 адам өлтірген (тағы екі сыбайласымен). Қазір Ливанда тұрады, саяси баспана алған. Жапонтектес нәсілден мұндайды күтпегенін кейін Mossad та мойындапты. Тек арабтар мен еуропалықтарды сүзіп жүрсе керек.
203 viewsYerlan Ospan, 11:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 19:39:48 Достар, https://t.me/audarmeria арнасына жазылып алыңыз. Арна иесі үш тілді меңгерген әрі практик. Тез, тап қазір шешім қабылдауы керек практиктің көзқарасы том-том мылжыңнан әлдеқайда құнды.
51 viewsYerlan Ospan, 16:39
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 19:03:28
Арғыкүнге қалдыруға болатын нәрсені - ешқашан ертеңге қалдырма! Кодинг саласындағы түрлі гуру, евангелистер де коуч-моучтар сияқты - түрлі әжуа-мысқылдың кейіпкері.
59 viewsYerlan Ospan, 16:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 11:02:35
1995 жылы МакАртур Уиллер бетін жасырмай екі банк тонайды. Камераға кескіні айқын түсіп қалған адамды әрине, полиция тез арада ұстайды. Неге маска кимедің деп сұраса... бетіме лимон шырынын жақтым депті. Сүйтсе, "қағазға лимон шырынымен жазылған нәрсе көрінбейді, ендеше бетім де көрінбеуі керек" деп ойлапты

Қызығы, психолог Дэвид Даннинг пен Джастин Крюгер осы жаңалықты көріп, өз есімдері берілген әйгілі эффектті зерттеуге кіріскен екен.
57 viewsYerlan Ospan, 08:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 08:15:51
Image: Facebook: Batyrkhan Kurmanseit

Жапон сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрметіне салдырған суреті дейді.

Жапонияның Сыртқы істер министрлігі
2022 жылы 30 жыл толғалы отырған Орталық Азия елдері мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың мерейлі жылына орай ресми логотип жасап, өз сайтында жария етті. Салған мангашы екен.

Жапондарға еуропеид келбеттегі көздің көлемі тым үлкен болып көрінетіні туралы теория рас па дедім. Бірақ мынада суретші ізденбеген сияқты, халықтардың ерекшелігін тек киім үлгісімен жеткізем деген сияқты.

Жапондарға латын жазуы да сурет сияқты көрінеді дейді. Sony, Canon сияқтылардың логосы әншейін жазу екені де содан дейді. Epson - маған жазба, ал жапонға - сурет, мысалы.

Жалпы, культурология өте-мөте қызық, оны гуманитарийлер мылжыңмен құртқаны болмаса.
71 viewsYerlan Ospan, 05:15
Ашу / Түсініктеме