Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 96

2021-10-17 13:49:35 КАЛЬМАР ОЙЫНЫ

Зымырап келеміз, арынымыз қатты. Қатты жүрейік деген ешкім жоқ еді о баста. Бәріміз жармасқан кезде, өмірдің арбасы өзінен өзі қатты кетіпті. Сірә, о баста біреу жалғыз озбақ болды, бірақ біз мінгесіп үлгердік.

Ара-тұра, арба секірген кездерде, мұрттай ұшқандарды көреміз жолда. Ішімізде бірдеңе кілт етеді, аяныштың соңғы қалдықтары шайқалып, жүрекке тиеді. Бірақ, "құдай аясын де мұндайға!" деп, әжемізден бастап үйреткен. Аштықтан, жоқтықтан зәрезап болған ата буын, мейірімнің кесірі өзіне тиер деп, осындай сөз шығарған.

Адамдықтың қалған-құтқаны жаныңды бәрібір жейді, бірақ аяған сайын, арбаға жармасқан қолыңды сығымдай бересің. Ананың орнында жатқаннан, арбада отырып уайымдаған жақсы деген жымысқы да арсыз түйсік екен сүйтсең, қолыңды қарыстыра беретін. Қасыңдағылар да кісілік азапта келеді, сосын ба, әйтеуір біреу: " қолында болды ғой бәрі, өзі ғой...", "не шара...", "айттық қой, далада қаласың деп..." деген сөз бастаған. Аздан соң өзің соларға қосылып, ақыры жығылғанды жазғыра бастайсың.
Зымырап келеміз, арынымыз қатты...
90 viewsYerlan Ospan, edited  10:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 13:49:28
85 viewsYerlan Ospan, 10:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 08:38:23
Мына кафедегілердің бәрі - қаптықтар. Қазақша сайрағанда - тіпті өздеріне тән қап акценті жоғалып кеткен. Қайта, орысшасы мүкістеу сияқты.
Тілдің артында тек және тек экономикалық негіз жатуы керек, басқасы бос сөз. Тіл заңмен емес, нанмен тарайды. Әркіммен ырылдасып, аюға да, айдаһарға да қоқия берген күлкілі. Мен де, аю я аждаһа болсам - шіңкілдеп тиісе беретін саршұнақты бір күні жапырып жіберіп тынар едім.
52 viewsYerlan Ospan, 05:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-16 09:54:32 Орысшадан тікелей аударылған офферлер ("подписывайся на канал", "ставь лайк") қазақша жағымсыз императив болып шығады. "Мен керемет сұхбат алып жатырмын, күт, күтпей қайда барасың, сілімтік!" деп шығады мағынасы.
Күтпеймін ал, ал не істейсің???
73 viewsYerlan Ospan, 06:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 21:03:26 #Пси
Мен - қазақпын.

Бірақ бірдеңені көрсетуге жіберіп, "что скажИте?" деп жазғанда - бүрісіп, мыжырайып, келеге келмей қаламын. "СкажЕте!!!".

Жоқ, "туылғандар" жағадан, "айлану" етектен алып тұрған заманда, тек осы орысша сөз үшін бес бидайым күйіп, азар да безер боламын.

Науқастың бір түрі десеңдер үндеместен мойынсұнамын. Бірақ шыным сол: жыным келед!!!
91 viewsYerlan Ospan, edited  18:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 15:56:47
Бастысы - скайпқа/зумға шыққанда ісіп-кеппей, дұрыс тұру
93 viewsYerlan Ospan, 12:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 14:40:24 Кішігірім конкурс.

Бүгін:
"врали, врали, и заврались до правды"
деген сөз оқыдым.
Осының қазақша аудармасының ең сәттісінің авторына - кез келген қазақстандық оператордың абонентіне 1 000 (бір мың) бірлік сыйлығым бар. Аударманы каммент ретінде қалдыра беріңіздер.

Конкурс таза субъектив: қайсы ұнаса - соны жеңімпаз деп тани саламын, еш түсіндірмесіз. Мың теңге әділет Құдай-анасынан медет сұрап дайындалатындай ақша емес қой енді.
40 viewsYerlan Ospan, 11:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 13:57:48 ...Ал енді қазақ тілі орысша тавтологияларды калька жасап қана қоймай ("сервистік қызмет көрсету"), проблемасы тіл емлесінен тыс жатқан, оқиғаның өрбу логикасы автордың өзіне ғана аян мәтіндер толқынын әкелді. Мысалы, жоғарыдағы мәтінде: "әйтеуір, құдай…
51 viewsYerlan Ospan, 10:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 13:54:20 ...Ал енді қазақ тілі орысша тавтологияларды калька жасап қана қоймай ("сервистік қызмет көрсету"), проблемасы тіл емлесінен тыс жатқан, оқиғаның өрбу логикасы автордың өзіне ғана аян мәтіндер толқынын әкелді.

Мысалы, жоғарыдағы мәтінде: "әйтеуір, құдай сақтағанда..." дейтін жер бар. Яки қазақы санаға бұл хеппи-эндтен хабар береді. Бірақ қуанбай тұра тұрыңыз. Ғашықтар өліп тынады.
51 viewsYerlan Ospan, 10:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 13:54:14
51 viewsYerlan Ospan, 10:54
Ашу / Түсініктеме