Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 94

2021-10-22 18:35:51
Кемеровода болған оқиға. Көргенсіз шал-кемпір мен парасатты оқушы.
57 viewsYerlan Ospan, 15:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 11:26:21
Бүгін актер Алек Болдуин түсіру кезінде адам атып алды деген жаңалық шықты. Қызығы, 2017 жылдың 22 қыркүйегінде твиттерде: "Абайсызда адам өлтіріп алған қалай болады екен..." деп жазған екен.
61 viewsYerlan Ospan, 08:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 10:44:38
Оқу орындарындағы екіжүзділікті қоюды мен де қолдаймын. Оқу орны осындай болуы керек.*

___
* - Ішімдік зиян, шын айтам
69 viewsYerlan Ospan, 07:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 19:44:58
Биткоин 66 мың долларды маңайлады. Әсіре өсуі аналитиктерді нарық заңынан бөтен түсініктеме іздеуге мәжбүрлеп отыр. Мысалы, бұлай тез өсуінің себебі - экономикалық санкциялардан қорыққан криминал мен олигархат (Ресей, Украина, Қазақстан) миллиардтап конвертация жасап жатыр дейді. Тек Ресейдің элитасы аптасына 1 млрд доллардай (!) биткоинға аударады дейді. Бұларға - түрлі мафияларды, диктаторларды қоссақ - осы сарап дұрыс сияқты. Спекуляциялық өсу ресурсы әлдеқашан бітті деп ойлаймын әйтпесе.
55 viewsYerlan Ospan, 16:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 19:35:28
Поляк конституциялық соты елдің заңдары EU заңдарынан үстем деп тапты. Еуропа бұлқан-талқан. Brexit-тен кейін Polexit басталуы мүмкін. Әйтеуір ел ішінде бұл идеяны қолдаушылар баршылық деп жатыр.
58 viewsYerlan Ospan, 16:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 19:17:20
Испания 2030 жылға дейін барлық үй жануарына жеке куәлік беріп боламыз деп отыр.
60 viewsYerlan Ospan, 16:17
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 19:08:39 "Хоргостағы" кептелістен дамбалсыз қала жаздап отырып, жалғыз өзі әлемді жауламақ синофобтарға арналады.

2010 Қытай диссиденті Лю Шяубо бейбітшіліктен Нобель сыйлығын алды. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын беретін комитетті Норвегия парламенті тағайындайды. Ендеше Қытай мұны Норвегияның ресми ұстанымы деп ұқты. Сол кездерде Бейжің адам құқы мәселесі бойынша тым мазасыз еді, ауыр қабылдайтын. Қазіргідей "өзің де диуанасың!" деп отыра беретін риторика қалыптасып болмаған. Сосын ба, Қытай Норвегтің балығын сатып алмай қойды.

Балық экспорты - Норвегия үшін мұнай экспортынан айырмашылығы жоқ. Ондаған жылдар бойы балық аулаудың күрделі инфраструктурасы қалыптасып, қатып-семіп қалған. Не керек, Норвегияның жағдайы кәдімгідей қиындайды. Ақыры король Харальд V Қытайға ресми барды. Харальд V номинал билеуші болғанымен, қысқақұлақ тіліұзындардың айтуынша - Қытай мұны кешірім сұрау деп қабылдап, қарым-қатынастар оңала бастаған көрінеді. Ал басқа өсектер бойынша, король тіпті кешірім сұрады дейді.
62 viewsYerlan Ospan, 16:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 19:07:26
Image: CGTN
ҚЫТАЙ НОРВЕГТЕРДІ ҚАЛАЙ СЫНДЫРДЫ?
61 viewsYerlan Ospan, 16:07
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 15:04:26
Келесі кітап - аяғынан кешкендері болуы керек.
68 viewsYerlan Ospan, 12:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 12:47:28
Қазақ ССР мемлекеттік гимні
(1945 жылдан 1992 жылға дейінгі)

...Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына!

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
47 viewsYerlan Ospan, 09:47
Ашу / Түсініктеме