Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 92

2021-10-27 20:43:13
АҚШ мемлекеттік департаменті жынысты бейтарап деп көрсеткен паспорт бере бастағанын хабарлады. Онда жынысы деген графада × белгісі тұрады. 2022 жылдан бастап жүйелі түрде береміз деп жатыр.
101 viewsYerlan Ospan, edited  17:43
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 20:29:28
Осы, Excel-дің мобайл нұсқасын атасының басына шығара ма? Қарап жіберу үшін ғана шығар, иә? Әлде смартфонда Excel-мен жұмыс істейтін маньяктар бола ма?
99 viewsYerlan Ospan, 17:29
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 20:03:06 Қазақша хоррорға бірнеше шимай бар. Бірақ көңілдің қараңғы түкпіріндегі тінмен ойнау үшін мола (бейіт) тақырыбын алу керек шығар деймін. Зираттың (қорымның) үрейі меніңше әр қазақта бар. Желкесінен көз шығып, аузынан қол шығып жататын хоррор-форматтан қазақ қорықпайды, тіпті, күлкісі келуі де мүмкін, оны шын үрейлі нәрсеге пародия ғана деп қабылдайды. Олардың бәрі әруақ, пері, елестердің қасында пішту болып көрінеді. Қазақтың зәресі тап сол молада ма деймін. Сосын байқағаным, тым сұлу әйелдер де қорқынышты. Тұспалым ғана, статистика жүргізген жайым жоқ.

Сіз де ой қоссаңыз.
100 viewsYerlan Ospan, 17:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 18:42:14
Мәтін тергенде:
Anonymous Poll
4%
Орфография тексеретін функциясы бар программа қолданамын
69%
Орфография жөнінен өзіме сеніп қалғанмын
27%
Өзіме де сенемін, тексеретін қабілеті бар программа да қолданамын
26 voters103 viewsYerlan Ospan, 15:42
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 14:34:44
Атаңа елеттің орфочекері версиядан версияға құрып бара жатыр. Office 2000-да қандай керемет еді, ууууууууууу! Қазір, кейде орфографиялық процессор тілін көрсетсең де орысша тексеретін болды (оффлайн нұсқасы). Бірақ қазақша тексеруге дұрыс бапталғанның өзінде пайдасы шамалы. Дым жаңармаған.
Соңғы рет ізденгенімде - қазақ орфографиясы үшін Microsoft-тың ирланд бөлімшесі жауап беретінін анықтағам. Ұмытпасам - қазақстандық операторы LimeOn Company деген фирма болды. Уақыт тауып барам-ау офистеріне.
108 viewsYerlan Ospan, 11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 11:37:12
Бұл конференция 1970 жылы болғанда, аты "Көміртегіден арылу туралы" болар еді.
108 viewsYerlan Ospan, 08:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 10:56:56 ҚАНДАЙ МАҒЫНАСЫЗ СӨЗДЕР!

Үзінді:
...Демек, Тараз тұрғындары мен қала қонақтары енді орта ғасырлық сәулет үлгісін көргісі келсе, Самарқанд асып, Бұқара бармай-ақ, «Шахристан» тарихи-мәдени кешеніне ат басын бұрса да жеткілікті болмақ. Неге десеңіз...

Шынымен, неге деп ойлайсыз?

Жалғастырамыз:
....Неге десеңіз, аталмыш кешенде бой көтеретін барлық ғимараттар мен нысандардың қас беттері бірыңғай тарихи нақышта әрленбек...

Қаріп саны мен хрономтеражға төлеуді доғармай - жарық жоқ.
115 viewsYerlan Ospan, 07:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 09:38:14
КЕРБҰЛАҚ ИНЦИДЕНТІ

Отаныңды бала кезде риясыз сүйесің, кетсең - өліп қалатындай көрінесің. Есейгесін - қызықтан құр қаламын ба деп кеткің келмей қалады.

Алматы болысының Кербұлақ мекенінде сұмдық оқиға болды. Шенеунік әдеттегі понтқа алып:

- Ал өзің отыршы менің орныма, көрейік! - деп еді.

Оған, келгендердің бірі... шынымен отырып алмақ болды!

Тағайындалатын билік өкілдеріне осы понтты қою керек. Халықпен хатшылар арқылы хабарласа берсеңдерші.

P.S. Өмірдің өзінен асырып жазу мүмкін болмай кетті ғой түге, көркем әдебиеттің өлгені ме?
119 viewsYerlan Ospan, 06:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 09:00:47
ӨЗБЕК ӘНІ: "ҚАЗАҚ ОСЫ"

Синтезаторлар музыкадағы қазақылықты қалай өлтірді дейсің. Іреп сойып тұрып өлтірді. Yamaha/Casio алғаш тарағанда неге екені белгісіз, дайын midi-шаблондардың көбі, тіпті бәрі ме - шығыс, дәлірегі, араб-өзбек мотивтерімен еді. Меніңше бұл Ресейден келді, ол жақта қаптықтардың тойларында шығыс мотивтері басым.
Мына әндегі музыканың өзбек мотиві ештеңе емес, ақыры әншінің де өз ырғағын өзбекше мотивке телуге тырысатынына назар аударыңыз. Қысқасы, бәрі де бітті, құрыдық.
126 viewsYerlan Ospan, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 21:02:39
NYPOST.COM дүниедегі алғашқы интернет-сайт осы деп жатыр:
http://info.cern.ch/hypertext/WWW/TheProject.html

1991 жылы іске қосылыпты.

Қызық, менің студент кезімде алғашқы интернет-сайт мынау деп еді:
https://symbolics.com/

Қайсың бірінші болсаң да, әйтеуір ентерлетке рахмет, барболғырлар!
46 viewsYerlan Ospan, 18:02
Ашу / Түсініктеме