Get Mystery Box with random crypto!

#Пси Қаланың ақсаусақ әйелдерінің қарбыз таңдағанын қарау аз | YerlanGo - 21 😊

#Пси

Қаланың ақсаусақ әйелдерінің қарбыз таңдағанын қарау азап.

Ентерлеттің қуыс-қолтығынан шатып-бұтып оқыған, бірақ жүйелі білім болып қалыптаспаған ондаған лайфхақтарға қарбыздың сәйкестігін тексере бастайды. Ол лайфхақтарды қайбір оңған адам жазды дейсің: біреуі - түбі сары болса піскені дейді; басқасы - түбі сары болса нағыз нитрат бомбасы, жолама дейді.

Сонша ентерлети білімінің арасында сәйкестік іздеп ойға шомып тұрып, қарбызды сүйрік саусақтарымен барабандатып тұрғанын өзі де байқамайды.

Ол саусақтарға қарап тұрған, енді, сатушының есі кетеді: жазғытұры тиын-тебен істейін деп, қалаға келгеніне тура екі ай болыпты. Бетінен қақса да арасында белін ұстатып мәз қылып қоятын құрбының бәрі ауылда қалды. Есін - қалалық келіншек қарбызына нитрат-тестер тығып алған кезде барып жияды:

- Анауың не бәле, айтсай?!

- Маааа, у-у-у-у-жасс, это же отрава! - дейді келіншек, зытып бара жатып.

- И кети шшсс, - деп күбірлейді сатушы, - мен ба кагбудты өсірген?

"Кагбудтыны" орнымен айттым ба екен деп ойлап қалады сосын...