Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2022-07-19 01:11:28 #Пси НЕҒЫП ЕШКІМДЕ ЖОҚ? Достар. 90-жылдары ма, шыққан "Әлем халықтарының ертегілері" деген кітап болып еді (мұқабасы майда, пленка сияқты). Соның ішінде вьетнам халқының (әлде корей) "Әңгіме" деген ертегісі болу керек. Қысқасы, балық аулауға барған адамға…
12 viewsYerlan Ospan, 22:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:46:30
Тони ағам әлі де
Ұқсамайды кәріге:
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
66 viewsYerlan Ospan, 19:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:32:10
25 viewsYerlan Ospan, 19:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 22:26:37
https://kazunite.com/aqparat/18072022/13002.html
29 viewsYerlan Ospan, 19:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 21:52:23 - Хабииииб, Хабииииб, Хабиб, біләәәә, Хабиб, Хабииииб!!!
63 viewsYerlan Ospan, 18:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 17:34:26 САМИДОЛЛА ҚАЙДА КЕТТІ?

1988 жыл. Одақ тәлтіректеп әрең тұр. Үкімет дымға үлгере алмағасын, "арендалық-мердігерлік әдіс" дегенді шығарды. Ол бойынша жекеменшік фирма ашып, үкіметтің жұмысын жасауға болады. Жер жерде кооперативтер қаулап ашыла бастады.

Хромтаудың ауылдарының біріне клуб салуға мердігер болған біреу, Самидолла деген камазисті жалдайды. Жұмысы: айдаладағы жұмысшыларға екі апта сайын тамақ, темекі, газеттер, құрылыс материалдарын апарып тұру. Тап-тұйнақтай Самидоллаға сенімі арта береді. Бірде оның, бірде мұның уақ-түйек ақшасын беріп жіберуді шығарады. Сөйтіп бір күні, клубтың жарағына бар, жұмысшылардың үш айлық жалақысы бар - 150 мың совиет сомын беріп жібереді. Кейін өзі де айтады, "беріп жатқанда тіпті күдік болған жоқ, тіпті оқиға басталғанда да сенбей жүрдім" деп.

Әлқисса, сөйтіп адам айтса нанғысыз соманы камазиске ұстата салады. Самидолла ақшаны әдеттегі жайдары күйі қабылдап алып, тіпті кешке: "таңмен жолға шығам бұйырса" деп, телефон соққан.

Арада екі апта өткенде директорға жұмысшылардың бірі келіп, жағасынан алады. Жолай әрнеге бір жармасып жүріп, қалаға әрең жеткен екен.

- Бізді қоңыз жеп жатыр дейсің бе? Тамақ қайда? Ақша қайда?

Директор әлдеқашан жібергенін айтады.

- Мәссаған! - дейді жұмысшы, - тұра тұр! Мәссаған, масқара болған сияқтымыз!

- Неменеге? - дейді директор.

- Келе жатқанда далада өртеніп күлі қалған КамАз көрдім! Әйтеуір бірдеңе маза бермеп еді, қасынан өткенде! Масқара!

Директор дереу милицияға, таныстарына хабарласып, жолға қамданды. Машинаға мен де міне беріп едім:
- Жазылушылар саны 900 мыңнан асатын адамдарды ғана аламыз. Ендеше сен ешқашан мінбейсің! - деп бақырды...
138 viewsYerlan Ospan, 14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 16:28:14 ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛДЫ ЕКЕН?

Жоғалып кеткен бандиттер, ұры-қарылар туралы ойлайсыз ба? Мен кейде Дэн Купер деген лақаппен белгілі қылмыскер туралы ойлап қоям. Не істеді екен деп.

Дэн Купер 1971 жылы Портлэндтен Сиэтлге бара жатқан ұшақты басып алады. Талап еткен 200 мың долларын алып, жолаушыларды қуып жібереді де, ұшақты аспанға көтертіп, аздан соң... парашютпен секіріп кетеді!

Оның ісі 2016 жылы ғана жабылды. FBI ақыры ештеңе таба алмады. Арасында ілік табылғандай болғанымен, Дэннің тағдыры ақыры жұмбақ күйі қалды.

1978 жылы біреу тоғайда Боингтің құйрық жағындағы баспалдақты түсіру туралы инструкция тауып алды.

1980 жылы өзен жағасында ойнап жүрген бала үш пакет ақша тауып алды. FBI купюралардың Дэнге берілген ақша екенін растады. Санағанда - небәрі үш мың доллардай болып шықты.

2017 жылы біреу парашюттің белбеуін тауып алды.

Сонымен бірге, Дэннің Боинг ұшағын беске білетіні, сөз саптауына қарап - канадалық болуы мүмкін деген тұспалдар айтылды.

Сөйтіп, Дэн Купердің тағдыры белгісіз қалды. Айтпақшы, осыған ұқсас оқиға Ақтөбедегі Самидолла деген камазиспен де болған. Жазылушылар саны 880 000 (сегіз жүз сексен мың) болғанда айтып беремін. Олай ешқашан болмайды, ендеше бұл әңгімені де молаға өзіммен ала кетемін.
145 viewsYerlan Ospan, 13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 16:28:07
140 viewsYerlan Ospan, 13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:50:32
157 viewsYerlan Ospan, 12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 14:33:58 Ааааа! Қазақ математигі Навье-Стокс теңдеуін шешті!...
2014 жылдың сол бір сүреңсіз қысында қуанудан мұңаюға дейінгі бір кезеңімді әңгімелеп берсем деймін...
https://newreporter.org/kz/2022/07/18/nave-stoks-tendeuinin-qazaqstandagy-xikayasy/
170 viewsYerlan Ospan, 11:33
Ашу / Түсініктеме