Get Mystery Box with random crypto!

Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? АҚШ-та өз | YerlanGo - 21 😊

Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? АҚШ-та өз брендіңізді қалай қалыптастыра аласыз? Осы және басқа да сұрақтар бойынша Нью-Йоркте 24 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 15.00-де @united_alash_foundation «Біріккен Алаш» Қорының тұңғыш кәсіпкерлік фестивалі өтеді.

Бизнес бастау туралы бір күндік құрылтайда сауда кірісін арттырудың мүмкіндігі жайлы айтылады деп көзделуде. Сонымен қатар кәсіпкерлік жиынның сұрақ-жауап кезеңінде сарапшылар «Франшизаны қалай ашу керек? Ол үшін не қажет? Бизнесті ТМД елдерінен АҚШ-қа қалай көшіруге болады? Қытайдан АҚШ-қа импорт қанша тұрады, қалай есептеу керек? Қытаймен жұмыс істеудегі қателіктер мен жаңсақ ұғымдар; АҚШ-та өз брендіңізді қалай қалыптастыруға болады?» деген сауалдарға да жауап беретін болады.

Айта кетсек, шара барысында кофе-брейк те ұйымдастырылады. Шараға қатысу тегін.

Өтетін орны: Манхэттен, 220 E 23rd St Suite 401, Нью-Йорк, NY 10010.

Демеушілер:

– «Біріккен Алаш» Қоры;
– Yes Компаниясы;
– Starta_vc;
– Нью-Йорк Фильм Академиясы;
– Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Миссиясы;
– Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас Консулдығы.
– KazUnite KazUnite] Халықаралық Онлайн газеті.

Барлық сұрақ бойынша:
+5513409717 Айдын.