Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда портвейн жұқартып отырып, Сабдық тәуіптен сұраймыз ғой | YerlanGo - 21 😊

Баяғыда портвейн жұқартып отырып, Сабдық тәуіптен сұраймыз ғой, "қалай күліп қоймайсыз?" деп. Сонда жарықтық:

- Әуелі біреу таратып жіберді. Аузынан суы ағып мал болмай тұрған сиырларымыз Сабдық соққаннан кейін жазылып кетті деп. Сосын өздері келіп, өздері қояд. Келеді, ақшасын тықпалайды, бірдеңе айтып, өздері жылап, өздері күліп, өздері кетеді. Мен ана басқалар сияқты - өтірік басымды қалтыратып, қолымды ербеңдетіп сайқал болмаймын. Қолымнан келмейді. Менікі тек үндемей отыру, болды, - деуші еді.