Get Mystery Box with random crypto!

HIMARS, CAESAR Біз совет зеңбірегінен басқа түк көрмегенбіз. | YerlanGo - 21 😊

HIMARS, CAESAR

Біз совет зеңбірегінен басқа түк көрмегенбіз. Барлаушы координатаны анықтайды, зеңбіректің аузын соған жобалап келтіресің, желге қатысты ауытқуды есепке аласың да, атасың.

Ал HIMARS оқтары GPS-пен өзі тауып барады. Орыстар GPS сигналын да тұншықтыратын әдіс тауыпты деп жатыр, ақпар расталмаған. Бірақ украин оқтары хирургиялық дәлдікпен түсіп, қиратып жатыр. Француздық CAESAR болса, құлау алдында инфрақызыл сканерін іске қосып, техниканың орнын анықтайды. Яғни, атып-атып, тез қашқаныңмен бәрібір құтылмайсың.

Ресейліктердің тетелес техникалары (Мста, Солнцепек) үлкен ауданды төмпештеуге арналған, яғни бір нысана үшін бірнеше оқ атылады. Көк шығын екені түсінікті.