Get Mystery Box with random crypto!

Үздік БІЛІМ

Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ Ү
Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ
Арна мекенжайы: @uzdik_bilim
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.91K
Арнадан сипаттама

Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-06-22 07:13:16 Кореяда үлкен жаңалық болуда, өзінің ең алғаш ғарыш ракетасын аспанға кеше ұшырып, ішінде өз 4-спутнигін жібергелі жатыр.

Енді Корея - әлем бойынша 7-ші ел өз космодромы бар елге айналып шыға келді.

Оған дейін, 6-ел, олар: Ресей (Байқоңыр), АҚШ, Франция, Қытай, Япония, Индия енді Корея да қосылды.
Жер көлемі бойынша Түркістан облысынан да кіші елден сондай технологиялар шығуда…
160 viewsYergali B, edited  04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 06:59:06 Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысындағы ауыл мұғалімдерімен кездесті.

«Павлодар облысының білім беру нысандарын аралалап, жетекші ауылының мектебінде мұғалімдермен әңгімелесіп, оқу бағдарламалары мен жазғы мектептің қорытындысын талқылады. Сондай-ақ жалақы тақырыбы да назардан тыс қалмады.

Мысалы, 12 жылдық тәжірибесі бар информатика пәнінің мұғалімі жалақысы 400 мың теңгеге жуық екенін және бұл ауыл мектебі үшін жақсы табыс екенін айтты.

Жалпы мектептің жағдайы қанағаттанарлық, сабақ өткізуге жақсы жағдай жасалғанымен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде орындалмаған, сатып алынған әдебиеттер министрліктің ұсыныстарына сай келмейді және балаларға қызықты басылымдар аз. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуі қажет», – деп жазды министр желідегі парақшасында.

Дейді кейбір жаңалықта, ал сіздерде айлық қанша болып жатыр? Павлодарға көшетін ойларыңыз келмеді ме?))
179 viewsYergali B, 03:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 07:08:34
Немесе тағы сондай бір практикалық тапсырмалары жақсы stepik.org платформасы жақсы.

Ол жерде де түрлі курстар, түрлі тақырыптарды тауып алуға болады. Олар да да мобильдік нұсқалары бар.

Курс соңында сертификат беріледі.

PS. “Үздіктер” жобасының 9-сынып оқушысының сертификаты - @Adilkhanarts
621 viewsYergali B, edited  04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 07:01:06
Барлықтарыңызға сәлем!

Питон курсын тек ютубтан видео көріп қана емес, өз білімдеріңізді практикалық жұмыспен шыңдаңыздар.

sololearn.com платформасында “Питон негіздері” деген 93-сабақтан тұратын курс бар, соны қарап шығуға, тапсырмаларын жасауға кеңес беремін.

Мобильдік қосымшасы да бар, компьютер жоқ демеу үшін)))

Және курс соңында сертификат та беріледі.

PS. “Үздіктер” жобасының 8-сынып оқушының сертификаты - @Qudaiberdi
620 viewsYergali B, edited  04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 11:17:22
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап жоспарлап жатырмыз.

КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР:
- Ерғали ағай ("Үздік Білім" каналы)
- Едіге ағай ("IT Білім" каналы)

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Шілде мен Тамыз;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады;
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат;
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.

КУРС БАҒАСЫ:
- Айына 20’000 теңге (сонда жалпы 2-ай үшін - 40’000 теңге).

КУРС ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ:
- Олимпиадалық есептері жинағы бар - acmp.ru сайты қолданылады.
- Әсіресе, оның ішіндегі олимпиада есептеріне арналған платформа курсымен өтеміз:
(Курсы => Решение олимпиадных задач).

АЛҒАШҚЫ 2-САБАҚ - ТЕГІН!!!
- 1-ші сабақ: Шілде 1-не (жұма) кешкі сағат 17-30 (Алматы), 16:30 (батыс) уақытымен ZOOM арқылы болады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН: tiny.cc/algo_kurs
54 viewsYergali B, 08:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 08:44:51 БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ!
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап, жалпы 2-айға (күзге дейін) жоспарлап жатырмыз.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
- Python программалау тілі бойынша жақсы базасы бар (себебі курс деңгейі жалғастырушылар болмақ);
- Жеңіл олимпиада есептерін (күрделігі 10-15% асмп есептерін) шығара алатын,
- Негізінен мектеп ұстаздары мен оқушыларға арналады (бірақ ешкімді шектемейміз).

КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР:
- Ерғали ағай ("Үздік Білім" каналы)
- Едіге ағай ("IT Білім" каналы)

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Шілде мен Тамыз;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады;
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат;
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.

КУРС БАҒАСЫ:
- Айына 20’000 теңге (ал жалпы 2-ай үшін - 40’000 теңге).

КУРС ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ:
- Олимпиадалық есептері жинағы бар - acmp.ru сайты қолданылады.
- Әсіресе, оның ішіндегі олимпиада есептеріне арналған курсымен өтеміз:
(Курсы => Решение олимпиадных задач).

КУРСТА ӨТІЛЕТІН ТАҚЫРЫПТАР:
- Big O туралы ұғым;
- Функциялардың құру маңыздылығы;
- Қысқаша дата структура туралы;
- Питон кейбір маңызды кітапханалары (heapq, bisect);
- Сорттау түрлері;
- Комбинаторика;
- Динамикалық программалау;
- Графтар (DFS, BFS).

АЛҒАШҚЫ 2-САБАҚ - ТЕГІН!!!
- 1-ші сабақ: Шілде 1-не (жұма) кешкі сағат 17-30 (Алматы), 16:30 (батыс) уақытымен ZOOM арқылы болады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН:
- Мына форманы толтырсаңыз:
https://forms.gle/45dZiVzeMZdR1EBR6
33 viewsYergali B, edited  05:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 18:35:49 Спортивное программирование в России признали спортом — курировать это направление будет отдельная Федерация.

https://www.igromania.ru/news/117058/Sportivnoe_programmirovanie_v_Rossii_priznali_sportom.html
61 viewsYergali B, 15:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 12:45:31 ​​ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин Apple компаниясының Swift бағдарламалау тілі бойынша сертификатталған оқытушысы атанды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогі Қуаныш Мағауин Apple курстарынан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды және ол қазақстандық мұғалімдер арасында алғаш болып сертификат алды. Қуаныш Германия, Ирландия, БАӘ, Мысыр, Үндістан және басқа да елдердің педагогтерімен бірге оқыды. Оқытушыларға арналған «Apple Certified Trainer» курстарын Apple компаниясы жыл сайын өткізеді.

Енді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин әлемнің үздік әзірлеушілері білім саласындағы жаңа жобаларын таныстыратын Apple Education эксклюзивті іс-шараларына қатыса алады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда IT-индустрия, соның ішінде білім беру саласында да қарқынды дамып келеді. Біз электронды оқулықтар мен күнделіктер қолданатын, сондай-ақ емтихандар мен олимпиадаларды онлайн форматта өткізетін санаулы елдердің қатарындамыз. Apple курстарында Swift бағдарламалау тілі арқылы мобильді қосымшаларды әзірлеудің негіздерін үйрендік. Тәлімгерлер дәрісті ағылшын тілінде өткізді. Менің тобымда негізінен қосымшаларды әзірлеуде мол тәжірибесі бар IT-мамандар оқыды. Ал мен топтағы жалғыз мұғалім болдым. Барлық емтиханды тапсырып, Apple оқытушысы мәртебесін алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта мектепте оқушыларға арналған мобильді қосымшалар әзірлеу бойынша курстар өткізіп, әріптестеріммен алған тәжірибеммен бөлісуді жоспарлап отырмын», – дейді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин.

Педагог Қуаныш Мағауиннің арқасында Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесі өзі жұмыс істейтін мектепке де автоматты түрде берілді. Енді Қуаныш Мағауин жұмыс істейтін елордадағы Республикалық физика-математика мектебі Swift қосымшасын жасау бойынша курстар өткізіп, оқушылардсертификаттап, оқу орнында Apple classroom зертханасын аша алады.
90 viewsYergali B, 09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 06:44:02
Сеул в 10-ке лучших городов мира для стартапов

Надежная поддержка иностранных фирм со стороны городских властей способствовала получению самого высокого рейтинга за всю историю.
Напоминаем, что кроме того, согласно индексу инноваций Bloomberg, Южная Корея была названа самой инновационной страной в мире в 2021 году. Причём 1-е место страна занимает шестой год подряд.

Стартаперлер әлем қалалары))
188 viewsYergali B, edited  03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 07:42:03 Пайдалы, не жаңа ақпараттарды қабылдаған жақсы ғой, егер ол жайында алдын білмесеңіздер.

Бүгінгі жазба бәрі білетін, бірақ оның қаншалықты өте үлкен екенін сезіне бермейтін корея компаниясы “Samsung” жайлы болмақ.

Әрине ол өте ірі компания әлем бойынша шамамен 180’000 адам жұмыс істейді екен.

Ол бір өзі бүкіл Корея экономикасының 8-ден 1 бөлігін, яғни 13% құрайды.

Бір жылдық табысы біздің елдің бүкіл экономикасынан әлде қайда жоғары тұр. (Қазақстан GDP - 170 млрд $, Самсунг табысы - 244 млрд $)

Әрине “Samsung” десе бәрінің көз алдына мобильдік телефондар мен электроника келеді. Бірақ шын мәнінде ол жай бір ғана бөлігі ғана.

Ал сіздер қалған өнеркәсіптерден бейхабардар болуларыңыз мүмкін.

1. Кәзіргі таңда аспанмен теңесетін зәулім үйлерді салудан жарысатын заманда Кореяның рөлі ерекше екенін білесіздер ме?
Бір Қазақстанда “HighVill” десе, сол бизнес класстағы биік үйлер көз алдыңызға келер.
Ал, әлемдегі ең биік үй Дубайдағы “Бурдж Халифаны” (163 этаждық 828 метр) тұрғызған компания сол “Samsung” екенін білесіздер ме? Көптеген елдерден сол бір компанияның очередінде тұр. Бұл бір бөлігі - құрылыс саласы бойынша.

2. Әлемде санаулы жерде ғана ірі-ірі кемелер жасап шығарады, ал Кореядағы Самсунг кеме жасайтын ауыр өнеркәсібі әлемнің үздік 5-тігіне кіреді. Бір ғана өзі жыл сайын әлемге 100-ден аса ірі кемелерді жасап шығарады. Ал кеме жасауға қандай үлкен өнеркәсіп болу керек екенін елестетіп көріңіздер)))

3. Соңғы жылдары шетелге көптеген корей көліктері экспортқа шығып жатыр, солардың арасында Рено-Самсунг көліктері де бар, седандар SM, кроссоверлер QM маркалы көліктер. Тіпті бізге де сол машиналар көптеп келіп жатыр))

Бұлардан басқа да түрлі өнеркәсіп пен салаларда өз орнын айқындатып алған (сән-модельдік, не киім тігу, не өмірлік сақтандыру, жарнамалық не басқа қызмет көрсету секілді өнеркәсіп пен қызметтері бар. Тіпті үлкен самсунг атракциондық паркі бар.

Қарап отырсаңыздар, мен электроника саласына қатты тоқталмадым, бірақ оның өзі түрлі тармақтарға бөлінген, телефон құрастыру мен чиптер шығарудан бөлек, жасанды интеллект қызметтері, смарт технологиялар, небір ИТ қызметтері мен құрылғыларды жасап шығару тармақтары өте көп.

Ал компания атауы “сам”- үш, “сунг”-жұлдыз дегенді білдіреді. (Жай ақпарат ретінде біле жүріңіздер)

Енді “Samsung” дегенде міне осыларды да көз алдыңызға келтірерсіз енді))
153 viewsYergali B, edited  04:42
Ашу / Түсініктеме