Get Mystery Box with random crypto!

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ! Көп сұратылған “Алгоритмдер” python кур | Үздік БІЛІМ

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ!
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап, жалпы 2-айға (күзге дейін) жоспарлап жатырмыз.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
- Python программалау тілі бойынша жақсы базасы бар (себебі курс деңгейі жалғастырушылар болмақ);
- Жеңіл олимпиада есептерін (күрделігі 10-15% асмп есептерін) шығара алатын,
- Негізінен мектеп ұстаздары мен оқушыларға арналады (бірақ ешкімді шектемейміз).

КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР:
- Ерғали ағай ("Үздік Білім" каналы)
- Едіге ағай ("IT Білім" каналы)

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Шілде мен Тамыз;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады;
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат;
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.

КУРС БАҒАСЫ:
- Айына 20’000 теңге (ал жалпы 2-ай үшін - 40’000 теңге).

КУРС ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ:
- Олимпиадалық есептері жинағы бар - acmp.ru сайты қолданылады.
- Әсіресе, оның ішіндегі олимпиада есептеріне арналған курсымен өтеміз:
(Курсы => Решение олимпиадных задач).

КУРСТА ӨТІЛЕТІН ТАҚЫРЫПТАР:
- Big O туралы ұғым;
- Функциялардың құру маңыздылығы;
- Қысқаша дата структура туралы;
- Питон кейбір маңызды кітапханалары (heapq, bisect);
- Сорттау түрлері;
- Комбинаторика;
- Динамикалық программалау;
- Графтар (DFS, BFS).

АЛҒАШҚЫ 2-САБАҚ - ТЕГІН!!!
- 1-ші сабақ: Шілде 1-не (жұма) кешкі сағат 17-30 (Алматы), 16:30 (батыс) уақытымен ZOOM арқылы болады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН:
- Мына форманы толтырсаңыз:
https://forms.gle/45dZiVzeMZdR1EBR6