Get Mystery Box with random crypto!

Үздік БІЛІМ

Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ Ү
Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ
Арна мекенжайы: @uzdik_bilim
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.91K
Арнадан сипаттама

Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-06-07 10:54:51 Енді алма операциялық жүйесінің қазақша нұсқасы пайда болады))
112 viewsYergali B, edited  07:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 19:30:56 IT Bilim Webinar

"IT-да қалай даму керек"

Google қызметкері Аталықпен өткен вебинарды ютуб арнамызға жүктеп қойдық.
Cілтеме:



Көкейде жүрген сұрақтарыңыз болып вебинарға қатыса алмай қалған болсаңыз, өкінудің қажеті жоқ. Аталық мырза біздің екі телеграм чатымызда бар. Сұрақтарыңызды сол чаттарда қоя берсеңіздер болады.

https://t.me/it_bilim_chat - жалпы IT бойынша.
https://t.me/leetcode_kz - алгоритм тақырып/есептер бойынша.

Және де гуглға жұмысқа тапсырушылар болса Аталық мырзаның көмегіне жүгінсе болады. Егер білім мен тәжірибеңіз Гуглдағы вакансияларға сай келіп жатса, сізді жұмысқа ұсынып интервью процесстерінде көмегін бере алады (резюмеден бастап кодинг интерьюге дейін).

IT-ға қызығушылық танытқан туыстарыңыз, достарыңыз және таныстарыңыз болса, осы вебинармен бөлісіңіз!

@it_bilimkz
@it_bilim_code
54 viewsYedige Radolda, 16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 19:20:06
Google-да бағдарламашы, "Dynamic Programming Patterns" атты мақаласы LeetCode-тың 2019 жылғы үздік мақаласы атанған, Leetcode гуру, "Dynamic Programming Guide" кітабының авторы Аталықтың IT туралы айтары бар.

IT-да қалай даму керек туралы онлайн кездесу ұйымдастырып, білгенімен бөліспекші.

Уақыты: 03.06.2022 (жұма күні), сағат 20:30, Астана уақыты.
Өтетін орны: сілтемені ертең @it_bilimkz арнасында жариялаймыз.
120 viewsYedige Radolda, 16:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 15:54:42 Adette menin 1shi kurs sabagy tegin, ari ashyk bolady, sol ushin zoom siltemeni kabyl alynyzdar) Zoom silteme: Массивтер маусым курсы. 1-сабақ 1-sabak tapsyrmasy
99 viewsYergali B, 12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 12:57:59 Жаздың алғашқы күні құтты болсын! Бұйыртса бүгін бізде массивтер маусым курсының алғашқы сабағы болмақ. Бірақ уақыты бері жылжып, яғни Алматы уақытымен сағат 16:00-де (батыс 15:00) зум арқылы болады.
66 viewsYergali B, edited  09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 07:50:34 Барлықтарыңызға сәлем!

Мамырда бастау алған үздіктер жобасының нәтижелеріне тоқталып өтсем:

1. Үздіктер қатысушылар саны шамамен 2-есеге қысқарып, жобадан 30-дан аса оқушылар шығып қалды, яғни әр апта сайын минималды есеп санына жете алмағандар шықты. Сонда мамыр соңына дейін (1-айда) кемі 10-есеп шығару керек деген мәреге жетпегендер.

2. Кейбір оқушылардың жетістіктерін де атап өту керек:
1) 152 есеп - Рахманбердиева Нұрбибі (10-сынып)
2) 133 есеп - Зайниев Құдайберді (8-сынып)
3) 111 есеп - Аманкелді Ертай (9-сынып)
4) 90 есеп - Әділхан Керімше (9-сынып)
5) 70 есеп - Әлдибек Нұдаулет (8-сынып)
6) 53 есеп - Ерсайын Нұрай (6-сынып)
7) 51 есеп - Темірбек Ақнұр (7-сынып)

PS. Егер осы оқушыларды танып, не тіпті олардың ұстаздары болсаңыздар, құтты болсын!)) Сенімдеріңізді ақтауда, бұйыртса осы темп-тен қайтпаса алда талай белестерді бағындырғалы жатыр, Құдай қаласа))
155 viewsYergali B, 04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 03:59:30 Жаздың алғашқы күні құтты болсын!

Бұйыртса бүгін бізде массивтер маусым курсының алғашқы сабағы болмақ. Бірақ уақыты бері жылжып, яғни Алматы уақытымен сағат 16:00-де (батыс 15:00) зум арқылы болады.
74 viewsYergali B, 00:59
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 09:45:03 Junior iOS-әзірлеушілерге арналған Kolesa Academy ақылы тағылымдамасына қабылдау ашылды!

2 ай ішінде тағылымгерлер Қазақстан мен Өзбекстандағы 12,5 миллион адам пайдаланатын өнімдердің нақты, жүзеге асатын тапсырмаларымен жұмыс істейтін болады.

Қашан:
• Академияның басталуы — 13 маусым;
• Қатысуға берілген өтінімдерді қабылдау — 5 маусымға дейін.

Шарттары:
• 2 апта оқу + 2 ай ақылы тағылымдама – айына 150 000 теңге;
• формат — офлайн, Алматыдағы Kolesa Group кеңсеcінде;
• кесте 5/2, 9:00 — 18:00;
• тағылымдамадан өту кезеңінде сізге жеке ноутбук қажет;
• егер сіз басқа қаладан болсаңыз, пәтер ақысын төлейміз;
• үздіктерге — offer және мықты #kolesateam командасында жұмыс.

Тағылымгерлерді алып жүретін, оларға көмектесетін менторлар болады — мобилді әзірлеу саласындағы сарапшылар.

P.S. Тағылымдама орыс тілінде болады. Бірақ компанияда қазақша сөйлейтін әзірлеушілер, мамандар көп. Сондықтан сіз Kolesa Group-та өзіңізді бөтен болып сезінбейсіз де, бөтен болмайсыз да.

Осы сілтеме арқылы қатысу шарттарымен танысып, өтінім беруге болады.
216 viewsYergali B, 06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 04:12:25 Хабарландыру:

“ІТ маман болу үшін неден бастау керек?” сұрақ көп қойылады. Кейбір адамға жауап берудің сәті түседі. Кейбір адамдардың сұрағы жауапсыз қалса, көбінің сұрағы ашылмай да жатады.

Сондықтан, әрқайсыңызға жеке-жеке және қысқа-қысқа әрі жартылай жауап бергенше, толыққанды курс қылып өткізе салуды ұйғардым.

Сонымен, “ІТ әлеміне жолсерік” атты курсым келесі апта, 4маусым, сенбі күні кешке 21:00-де басталады.

Тікелей эфирде:

ІТ саласы, бағыттары, маңызы, неден бастау керек, қай жағын таңдаған дұрыс, қазір сұраныстағы қабілеттер, кім, не, қалай, қашан, қайда деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап алатын боласыз.

Сондай-ақ, сіздің жаныңызға қайсысы жақын, қайсысын таңдау керек деген кәсіби бағдар бойынша да сұрағыңызға практикалық тұрғыда жауап аласыз.

Кімдерге арналған?

Әрине, түлектерге, абитуриенттерге

Сосын мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына

Және мамандық ауыстырғысы кеп жүргендер мен бұрын универ бітіріп, енді қайтадан білімін жаңартқысы кеп жүргендерге.

Сабақ 6 күн (одан да көп болуы мүмкін, контентті азайта алмай жатырмын), әр сабақ 1-1,5 сағатқа созылады. Zoom арқылы тікелей эфирде өтеді. Одан әрі толығырақ ақпарат, курстың ақшасын төлеп, қатарға қосылған соң, ары қарай айтыла жатады.

Курстың бағасы: 30.000 теңге.
Kaspi gold 4400430146413866 Тимур Бектұр

1-ші сабақтан кейін контент ұнамай, пайдасы жоқ деп тапсаңыз, ақшаңызды 100% кері қайтарып береміз.

Чекті мына нөмірге жібересіз: +7 778 643 5780 немесе маған дайректке жіберсеңіз же болады.

Менің уақыт айырмашылығым - 10 сағат. Сондықтан, квитанция жіберіп қойсаңыз болғаны, жауапты міндетті түрде асықпай аласыз.
69 viewsYergali B, 01:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 17:16:37 ЕНТ және грант жайында

1) Мысалы Қазақстан бойынша тек 100 ғана грант орын бар делік, енді 1000 оқушы тапсырды, солардың тек алғашқы 100 оқушысы грант болады, 100-ші тұрған бала пороговый балл болып саналады. Әр жылда ент тапсырғандардың орташа баллын қарау керек, мысалы былтыр 61,5 болса, биыл 62 болса онда жалпы пороговый балл көтерілу керек, егер әрине дәл гранттар саны бірдей болса, яғни былтыр да биыл да 100 орын болса, ал егер былтыр 200 орын, ал биыл тек 100 орын болса онда әлде қайда көтеріледі.

2) әр универдің пороговый баллы деген де бар, егер арнайы қосымша бөлінген орындарды ескермесек, онда пороговый балл бәріне ортақ жүреді, егер жоғарыдағы мысалмен айтсам, 100-ші баланың баллы 90 болып, сол мамандыққа пороговый балл болады да, енді айталық ол ЕНУға тапсырды, яғни ЕНУдың проходяший баллы 90 балл, ал 99-ші орында тұрған баланың баллы айталық 95 балл және ол КазНУға тапсырды, яғни соңғы түскен абитурент балымен әр вуздың пороговый баллы болады, егер 100-ші бала ол ЕНУға емес КазНУға тапсырғанда, ал 99-орында тұрған бала КазНУға емес ЕНУға тапсырғанда онда ЕНУ баллы 95, ал КазНУдың баллы 90 болар еді.

3) егер сен 4 мамандық таңдау мүмкіндігіңе тек бір мамандықты жазып әр универге жазсаң, егер сен біріншісіне түсе алмасаң онда сен қалған 3-универге де түсе алмайсың. Неге? Себебі “расределение грантов” бір система жүреді, яғни бір рет жүреді.

4) сельский квота дегенмен 10-15 балл береді. Ол өтірік! Тек кейбір мамандықтарда мысалы 100 орынның 70% бүкіл түлектер түседі де (мейлі ол қала болсын, не ауыл мектебі болсын) ал қалған 30% орнына тек ауыл түлектері ғана конкурсқа түседі. Сол үшін проходяший баллды қарағанда сельская квота бар ма жоқ па, соны да ескерген жөн.

PS. Осы секілді сұрақтар көп болғандықтан, жалпы бір жауап ретінде пост ретінде салдым.
104 viewsYergali B, edited  14:16
Ашу / Түсініктеме