Get Mystery Box with random crypto!

Үздік БІЛІМ

Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ Ү
Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ
Арна мекенжайы: @uzdik_bilim
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.91K
Арнадан сипаттама

Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-06-29 15:25:59
Қазақша IT контентті дамытуға ат салысып жүргендердің бірі Рахым Тасқынның "Машиналық оқыту" жайлы айтары бар.

"QAZ Data-Science" ютуб арнасы бар, СДУ/КИМЕП оқу орындарында аға-оқытушы қызметін атқарған Тасқын осы сенбіде дата сайнс бойынша вебинар жүргізеді. Вебинарда машиналық оқыту, қор нарығын болжау, Европадағы өмірі мен стартаптары жайлы айтады. Вебинар соңында big data, data scince, жұмыс және басқа да тақырыпқа қатысты сұрақтарды қоя аласыз.

Егер вебинарға қатыса алмасаңыз, кейін видеожазбаны "IT Bilim" ютуб арнасынан көре аласыз.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
247 viewsYedige, 12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 03:27:17
Әлемдегі IT саласындағы технологиялық бағыттар.
Осы саланың қайсы болмасын біздің елге қажет болады.
454 viewsYergali B, 00:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 07:53:17 Жаз келді, рахат, ыстық күндер дейміз ғой))

Бірақ кешегі түн өте ыстық болып, дұрыс ұйықтай алмаған едім.

Сөйтсем Кореядағы “Тропикалық түн” деп аталатын өте ыстық түн болыпты, бұл құбылыс соңғы рет 115 жыл бұрын болған екен.

Яғни түннің температура Каннын қаласында 28.7, кейінгі ыстық түн Чеджудо (27.8) болыпты. Мен тұрған Тэджонда 25.3 болыпты.

Оған қоса, этаж үйде тұрғаннан бөлме ішін, кондиционердің күші жетпей қалғандай болды))

PS. Күнделікті өмірден үзінді…
512 viewsYergali B, 04:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 17:05:56 https://t.me/it_bilimkz?livestream=9288e78d4145b48a57
324 viewsYedige Radolda, 14:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 07:06:24
Қазақша IT контентті дамытуға үлес қосқыңыз келіп, бірақ неден бастауды білмей жүрсеңіз, онда бұл вебинар сіз үшін!

"Үздік Білім" ютуб арнасының жетекшісі Ерғали мырза өзінің тәжірибесімен бөліседі. Ютуб арна бойынша пайдалы кеңестерімен қатар сәтті шыққан жобалары жайлы айтады. Вебинар соңында көкейіңізде жүрген сұрақтарды қоя аласыз.

Бұл вебинардың пайдасы тиер деген жақындарыңызбен бөлісіп қойыңыз!

Егер вебинарға қатыса алмасаңыз, кейін видеожазбаны "IT Bilim" ютуб арнасынан көре аласыз.

@it_bilimkz
@uzdik_bilim
59 viewsYedige Radolda, 04:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 14:46:57 “Түнгі сағат 11 боп қалса да, тарағымыз келмеді. Конф.колдағы керемет энергетиканың әсері болар. Мәселелер жан-жақты талқыланып, тың идеялар мен нақты ұсыныстар айтылды.

Жуырда біз шетелдегі технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың ортақ чатын ашқан болатынбыз. Қазір топта 300-ден астам кәсіпқой маман бар. Кеше бәріміз онлайн қосылып, біздің саланы және жалпы елімізді дамытуға бағытталған жобаларды талқылап, брейншторм өткіздік. Өте қызықты және пайдалы фидбэктер алдық.

Мысалы, бос уақытында Youtube-те Python бағдарламауы бойынша қазақ тілінде сабақ беретін жігіт қатысты басқосуға. Біз мұндай бастамаларды қолдаймыз және дамытамыз. ІТ саласын талқылау барысында бізде спорт бағдарламалау қалыс қалғаны анықталды. Сондықтан федерация құрып, осы бағытты жүйелі түрде дамытатын боламыз. Сондай-ақ мектептерде өткізілген дәрістердің нәтижесінде ІТ-ға қызығушылық танытқан балаларға қолдау көрсететін ментор бекіту ұсынылды.

Кездесуде түрлі идеялар айтылды – техникалық әдебиетті қазақшаға аудару, WomenInTech қозғалысын қолдау, ауылдағы және шалғай мекендердегі балаларға ақпаратты қолжетімді ету, қазақ тіліндегі контентті көбейту және т.б. Басқосуға қатысқандарды менторлыққа белсенді атсалуға және отандық стартаптарға көмектесуге шақырдым. Осындай брейнштормдар өткізіп, жүйелі шешімдер қабылдау үшін тұрақты түрде ай сайын кездесетін болдық.” - деп сөзін аяқтапты IT министріміз)))
46 viewsYergali B, 11:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 14:46:22
Кешегі бейресми “Шетелдегі Қазақстан азаматтарының кездесуінде бөліскен өз тәжірибем жайлы айтқаным, министріміздің есінде қалып қояды деп ойламаппын :), яғни “бір басшылыққа сеніп отырмай, қолыңнан келеме, ешкімге қарамай бастай бер” деп, сөйтіп өз тәжірибемен де бөлісе отырып, “бос уақытында мүмкіндігінше қазақ тілінде сапалы контент жасап, көпшілікпен бөлісуге” шақырған едім.

Ең қызығы, дәл сол уақында youtube-қа кіріп, «Үздік Білім” деп іздеп көреді деп ойыма да кіріп шықпапты))

Міне өзінің толық жазбасы …
52 viewsYergali B, 11:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 09:59:11
Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарламаға іріктеу тәртібі мен талаптары.
128 viewsYergali B, 06:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 07:32:06 Менен кішігірім ой бөлісу болсын))

Кеше өзіміздің IT министрі бастаған әлем IT-щниктермен бейресми отырысы болған еді.

Енді ондағы аудитория “ой-йой-йой” белді ИТ тұлғалар жиналып қалды.

Көбі Google, Facebook, Amazon сынды ірі ИТ гигантта жұмыс істеп жатқан 100-ден аса Қазақстан азаматтары қатысты. (Енді, елестете беріңіздер қандай атмосфера болғанын).

Әрине онда не айтылғанын, не талқылағанын ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ ат салысқандардың көбі Қазақстанның ИТ болашағы өте қатты алаңдататынын байқатты.

Тіпті министріміздің де шынымен еті тірі, елімізге жаны ашитынын, “Барды бар, жоқты жоқ” екенін айта алатын ды көрсетті. Ол жағына риза болдым.

Бұл бастаманы жақсыға жорып, бұйыртса елде жақсы жақсы жобалары келетініне сене жүрейік, мәселен қазақша кітаптар, қазақша интернет пайдалы контенттер мен ресурстар, және информатикадан программалау жарыстары көбейе түсер.

Өзімнің бір ойым ретінде әркімнің қолынан келетін нәрсесі болса, елден қашан көмек болар екен деп күтпей, өз жобаларын елге таныта беріңіздер дедік, өз жеке опытымнан осы “Үздік Білім” арнасында айта отырып, қаңтарда бастап, ал ақпанда уже жемістерін көрсеткенін де тоқталып өттім, яғни естеріңізде болса, пән аралық олимпиададан жүлделі орындар алып бөліскен едім))

PS. Еліміз анау, біз мынау демей, әркім өз қолынан келетінін істесе, барлығымыз бірге дамып, көркейеміз!
563 viewsYergali B, edited  04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 05:21:59
Жалпы ақпарат үшін
216 viewsYergali B, edited  02:21
Ашу / Түсініктеме