Get Mystery Box with random crypto!

Пайдалы, не жаңа ақпараттарды қабылдаған жақсы ғой, егер ол жа | Үздік БІЛІМ

Пайдалы, не жаңа ақпараттарды қабылдаған жақсы ғой, егер ол жайында алдын білмесеңіздер.

Бүгінгі жазба бәрі білетін, бірақ оның қаншалықты өте үлкен екенін сезіне бермейтін корея компаниясы “Samsung” жайлы болмақ.

Әрине ол өте ірі компания әлем бойынша шамамен 180’000 адам жұмыс істейді екен.

Ол бір өзі бүкіл Корея экономикасының 8-ден 1 бөлігін, яғни 13% құрайды.

Бір жылдық табысы біздің елдің бүкіл экономикасынан әлде қайда жоғары тұр. (Қазақстан GDP - 170 млрд $, Самсунг табысы - 244 млрд $)

Әрине “Samsung” десе бәрінің көз алдына мобильдік телефондар мен электроника келеді. Бірақ шын мәнінде ол жай бір ғана бөлігі ғана.

Ал сіздер қалған өнеркәсіптерден бейхабардар болуларыңыз мүмкін.

1. Кәзіргі таңда аспанмен теңесетін зәулім үйлерді салудан жарысатын заманда Кореяның рөлі ерекше екенін білесіздер ме?
Бір Қазақстанда “HighVill” десе, сол бизнес класстағы биік үйлер көз алдыңызға келер.
Ал, әлемдегі ең биік үй Дубайдағы “Бурдж Халифаны” (163 этаждық 828 метр) тұрғызған компания сол “Samsung” екенін білесіздер ме? Көптеген елдерден сол бір компанияның очередінде тұр. Бұл бір бөлігі - құрылыс саласы бойынша.

2. Әлемде санаулы жерде ғана ірі-ірі кемелер жасап шығарады, ал Кореядағы Самсунг кеме жасайтын ауыр өнеркәсібі әлемнің үздік 5-тігіне кіреді. Бір ғана өзі жыл сайын әлемге 100-ден аса ірі кемелерді жасап шығарады. Ал кеме жасауға қандай үлкен өнеркәсіп болу керек екенін елестетіп көріңіздер)))

3. Соңғы жылдары шетелге көптеген корей көліктері экспортқа шығып жатыр, солардың арасында Рено-Самсунг көліктері де бар, седандар SM, кроссоверлер QM маркалы көліктер. Тіпті бізге де сол машиналар көптеп келіп жатыр))

Бұлардан басқа да түрлі өнеркәсіп пен салаларда өз орнын айқындатып алған (сән-модельдік, не киім тігу, не өмірлік сақтандыру, жарнамалық не басқа қызмет көрсету секілді өнеркәсіп пен қызметтері бар. Тіпті үлкен самсунг атракциондық паркі бар.

Қарап отырсаңыздар, мен электроника саласына қатты тоқталмадым, бірақ оның өзі түрлі тармақтарға бөлінген, телефон құрастыру мен чиптер шығарудан бөлек, жасанды интеллект қызметтері, смарт технологиялар, небір ИТ қызметтері мен құрылғыларды жасап шығару тармақтары өте көп.

Ал компания атауы “сам”- үш, “сунг”-жұлдыз дегенді білдіреді. (Жай ақпарат ретінде біле жүріңіздер)

Енді “Samsung” дегенде міне осыларды да көз алдыңызға келтірерсіз енді))