Get Mystery Box with random crypto!

Үздік БІЛІМ

Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ Ү
Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ
Арна мекенжайы: @uzdik_bilim
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.91K
Арнадан сипаттама

Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-06-14 07:57:23 8. Кореяға кіргеннен кейін жолын тауып, машина сатып көтеріліп, байып кетем деген ол миф нәрсе! (Яғни машина сатып, авто-запчасти жіберіп, алып-сатар болып дегендей) Егер ондай болса осында жүрген небір пысық 10-15’000 қазақтар баяғыда байып, кәзір Кореяны тіреп тұрар еді ғой, мүмкін сіз көрген-білген адамдардыңыз, ол тек 0,01-0,1% ғана шығар. Так что, оған сенбей, жерге түсіңіздер) осында келіп, байып кетуге қарағанда, өз еліңде байып кету ықтималдығың жоғары егер амалын тауып жатсаң)))

Онда қалай ресми құжатпен кіруге болу жолдары:

1. K-Eta деген программа бар дейді, бірақ шын айтсам ол не қандай программа екенін білмеймін. Өздеріңіз ізденіп қарарсыздар, онда да мощенниктер барын ұмытпаңыздар))

2. Оқуға келіп, кейін жұмысқа орналасуға болады. Енді бұл таза өз күшің, өз білімің. Кореяда небір оқу программалары, тегін граннат бар, солардың бірі KGSP (Korea Government Scholarship Program). Жай бас істетіп, оқу керек.

Меніңше, осы екі жол кәзірге таңда мүмкін сияқты, бірақ 1-ші жағдайды жақсы біліп алыңыздар, мүмкін ол жай ғана туристтік болса, өз уақытында ұшпай қалып қолсаңыз, осы жоғарыда аталған жайттарға тап боласыз.

Бұл пост мақсаты - жай ғана сіздерге, ой салуға арналған.

Әрине бұл айтылғандармен келісетіндер де бар, келіспейтіндер де бар, жолы болып басқаша болғандар да баршылық. Әркімнің тағдыры әр түрлі. Бұл мен көріп, араласқан адамдардан әңгімелесіп, ой бөлісіп, жиған терген білімнің түйіні.

PS. Түбінде бұл заман көзі ашық білімді іздегендердің заманы болмақ, сол үшін білімге бар күшіңізді салыңыздар, жерде қалмайсыздар!!!
274 viewsYergali B, edited  04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 07:57:23 Кешегі жазбадан кейін біраз шабыт алып, тағы бір кішігірім пост жазып, ой бөлісіп қояйын дедім))

Бүгінгі жазбам Кореяға асығып жатқан қазақтарға арналады, әсіресе жұмыс іздеп келушілер үшін, көбіне визасыз “не-легал” болып қалатындар жайында.

Әрине, ешкім мұнда, не басқа шетелге Қазақстанның рахат өмірінен шаршағаннан келмейді. Бастарында бірнеше кредиттерден, одан қалса семья асырау, қарыздарын жабу үшін жұмыс іздеп келеді. Әрине ол тенденция тек бізде ғана емес, бүкіл дамушы елдерде солай.

Енді жақсы-жаман жақтарымен бөлісе отарайын, мүмкін ақпарат үшін пайдаларыңызға жарап жатар.

Алдымен жақсы жағынан бастайын:

1. Салыстырмалы түрде беретін айлықтары жоғары, және мұнда сағатпен есептейді, жұмыс қиындылығына және ұзақтығына байланысты. Шамамен 1000-1500$ басталады (әрине мен долларға шаққанда айтып жатырмын).

2. Жаңа өмірді, жерді, жалпы жаңа әлемді көру. Себебі көбіне шетелге бармағандар үшін, дамыған елде болғанда таң қалатын жағдайлар көп болады. Әрине демалыс күндері жер-жерлерді аралап көріп, соларды еске қалдыру үшін суретке түсіп, тамаша сәттер болып тұрады.

3. Егер жолда қарапайым қазақты көріп қалсаң, танысып, мән жайды сұрасып, бауырмал келеді (бұл енді көбіне жұмыспен келгендер арасында, яғни өмірлік тәжиребесі бар орта жастағы қазақтарға сай нәрсе).

4. Барлық жерде камера, ешкім сенің затыңды ұрлап кетпейді, отбасыңа, не бала-шағаңа ондай айтарлықтай қауіп жоқ. (әрине егер келімсектерді айтпағанда, кәрістер ондай нәрселерге “это ниже моего достоинство” деп түсінеді). Барлығы да ережеге бағынады, және соның аясынан аспайды.

Енді жаман жақтарына тоқталсам:

1. Сен бәрібір бұл елде бөтен адамсың, егер визасыз жүрсең ойда әрдайым ұсталып қалмасам екен деген ой болар. (Өз басым қолында Қазақстан паспорты бар, бір қазақ қызын қолында “наручникпен” эмигрейшн офисте отырғанын көргенмін, сұрастырғанымда визасыз жүріп, кішігірім қылмыс жасапты-мыс. Ары қарай алып кетті, мен үшін ауыр тиді, бірақ қалай арашалап аламын, менде бұл елде бөтен адаммын ғой((

2. Жұмыс айлығы қаншалықты жақсы болса, соншалықты ауыр болатынын ұмытпау керек. Кәрістер өте “пақр” болғаннан ба басқалардан да соны талап етеді. Таң азанмен поляда, не ауыр ауыр бетон арасында жұмыс істейсің. Денсаулығың соған сай болса кәнекей, бірақ біраз денсаулық керек. Мұнда қара жұмыс істеп, толып кеткен ешкімді көрмеппін.

3. Келгенде жұмыс күтіп тұрады деген өтірік нәрсе, себебі жұмысшыға бәрібір кім келсе де, бастысы өз уақытында істелсе болды, сол үшін мұнда жұмыс бар дегенге жақсылап ойлану керек. Және жұмыстар “сезонный” келеді, всегда “стабильный” айлық болады деген өтірік нәрсе.

4. Тамақ қымбаттау, және халал тағамдарды табу оңай емес. Мұндағы “Sea-food” (теңіз тағамдарына) балық кіре бермейді, креветки, осминог, ракушка жеп үйренуге де біраз уақыт керек болады ))).

5. Тіл білмесең, ақылды иттің кейіпінде жүресің, қарсы айтып түсіндіруге шамаң жетпей, айтқанына көніп отырасың. Кейде кәрістер әдейі ма, әлде шынымен бе тура айтсаңда, түсінбей бетіңе қарап тұрады. Ал тіл үйренуге де біраз уақыт кететінін де ұмытпаған жөн.

6. Құжатсыз болғандықтан, саған басқа қызметтер жабық болады (банк, медицина т.б). Әрине олардың да жолдарында табуға болады. Бірақ жалпы алғанда не емделе алмайсың, банк қызметтерін қолдана алмайсың.

6. Осында жүріп қалған қасқыр-түлкілер өте көп, бізше айтқанда “мощенниктер” толып, артылады. Қарапайым мысал, саған “реальный” құжат жасаймын деп, жоқ болатын. Ондайға мүлдем сенбеген жөн. Себебі ол өтірік нәрсе. Егер олар істей алатын нәрсе болса, онда қалғандары неге солай жасатпайды?!

7. Елді сағынғанда, не қалаған уақытында ауылға барғың келгенде ұша алмай, қалыс қаласын, (әрине бәрін бітіріп қайтсаң болады, бірақ бір кеткеннен кейін қайта кіруге доступ болмайды.) Ал сенде жай елге барып, қайта осында келу керек болады. Себебі мұндағы табысты елде ұсынбайды.

8.
257 viewsYergali B, edited  04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 06:30:17
20-25
Ақтөбе
193 viewsYergali B, 03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 06:30:17 Ақтөбеліктерге жақсы мүмкіндік, оффлайн білім))
273 viewsYergali B, 03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 07:37:19 Барлықтарыңызға сәлем!

Кішігірім өз басымнан өтіп жатқан Корея жайында қызықты ақпараттармен бөлісе отырайын.

Кореядағы жұмысым жайлы.

PhD дәрежемді алғаннан кейін көп ұзамай мені старт-ап компанияға шақырды, әрине профессорымның рекомендациясымен жылдам болып кетті. Жасанды инттелект пен биг-дата аналитикамен айналасатын 7-10 жұмысшыдан тұратын шағын ғана стартап компания.

Басшымыз профессорымның досы 60-65 жастан асқан кәріс кісі, өз жасына қарамай “активный”, кезінде америкада оқыған көзі ашық кісі.

Мені таң қылдарған, бірақ кәрістер үшін қарапайым нәрселер жайында бөлісейін:

1. Компания көлігі жайлы. Өз профессорым семьялы екенін білетін, соны да айтса керек, жалпы ары бері жүргенге деп көлік берді. Өз әңгімесін “жаңа емес” деп бастаған кісі, шевролет спарк 2019 жылғы болып шықты. (Біздер үшін 2019-жылғы машина деген су жаңа ғой) Одан қоса “бүкіл страховка, май ауыстыру, налог бәрі компания өз мойынына алады, сен тек бензин құйда жүре бер” деді))
Негізі мұнда машина арзан болғанымен 1-жылдық сервистері мен налог/страховкасы сол машина бағасына жақын болып қалады.

2. “Компания кредит картасы” деген ұғым бар, көбіне корей компаниялар өз сотрудниктерін бір-бірімен жақын болсын деп компания күнделікті обедті өздері төлейді, яғни компания тамақтандырады. Барлығы бір уақытта шығып, бір жерге тамақтанады. Бірақ мен мұсылман болып, халал тамақты жейтін болғандықтан көбіне екі топ болып бөлініп кетеміз. Себебі көбі шошқа етін жегенді ұнатады, ал мен басқа топтан боламын)))

3. Міндетті түрде обедтен кейін кофейняға барып, сонда жұмыстан басқа әңгіме айтылып отырады. Ол жерде де сол компания картасы болғандықтан, кез-келген кофені ала бересің.

4. Мұнда кофені қыс болсын, жаз болсын мұзбен ішетіні, көбіне ыстық кофені үлкен жастағы кісілер ішеді деген ұғым бар сияқты, өзін “жаспын” дейтіндер барлығы мұзбен ішеді. Өзіміз - шымкенттің жанып тұрған күнінде ыстық шай ішпесек бас ауыратын халықпыз ғой. Мен де солармен ілесем деп мұздай кофені алып, 1-2 рет тамақтан ұстап қалып жүрген кездерім де болды, біздің организм ондайға үйренбеген ғой))).

5. “Басшылық кетпей, жұмыстан қайтпайды” дегені рас сияқты. Егер сен бастықтан алдын кетіп қалсаң, оны сыйламай қалдың дегендей түсіне ме білмейм, бастық болса, бүкілі отырады.

6. Басшылық сенің артыңнан түсіп, сен қашан келдің, қашан кеттің демейді, тексермейді. (Сол нәрсе маған қатты ұнайды, мүмкін сіздерге де) Бастысы тапсырмаларды өз уақытында, әрі дұрыс жасап отырсаң болды. Бастысы басшы сенімінен шығып қалмасаң болды, ол өте маңызды.

7. Кәріс коллегаларым жайлы. Өз тапсырмаларын өте жауапты атқарады, берілген тапсырмаларды “идеал” жасауға тырысады. Бірақ берілген задачадан ары кетпейді. Ол жақсы да жаман да. Жақсысы сол бастық берген тапсырмасын екетпей қатесіз орындайды, ал жаманы өз ойларын қосуға қорқады. Мен көбіне түрліше көз қараста жасап, өзіме қызық болғандықтан, басқа да жолмен тексеріп отырамын, көбіне бастық ойынан шығып жатады. Содан коллегаларымның көзінде де “умный” секілді көрініп қалып жатасың)) бірақ ол нәрсе негізінен бәрінің қолынан келеді, бірақ оған өздері бармайды. Өздеріне сенбейтін секілді.

8. Дегенмен істеп жатқан компания айлығы шамалы болса да өзіме қатты ұнайды. Негізінен ірі, әрі бай компаниялардың барлығы да орталықта, астанасы Сеулде, ал біздікі енді ғана құрылған стартап компания Тэджон деген қалада. Істеп жатқан ісің өзіңе ұнаса, ақшасы күнделікті өмірге жетсе болды екен деп, опыт жинап жүрген ойымыз ғой.

Қалай пост ұнады ма?!))
37 viewsYergali B, edited  04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 02:54:02
Сеулде болып жатқан “Smart Tech Korea 2022” выставкадан үзінді видеолар
66 viewsYergali B, edited  23:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 02:53:48
65 viewsYergali B, 23:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 02:53:36
70 viewsYergali B, 23:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 04:33:38
Ертең. Астана уақытымен 11:00
121 viewsYergali B, 01:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 10:54:51
Айфон смартфонында қазақ тілі енгізіледі

Жаңа iOS 16-ға қазақ тілі енгізіледі. Енді смартфоныңыздың жүйесін қазақ тіліне өзгертіп қолдана аласыз.

New system languages include Bulgarian and Kazakh. Autocorrect supports three new languages: English (New Zealand), English (South Africa), and Kazakh.

Дереккөз:
ZTB
https://www.apple.com/ios/ios-16-preview/features/
82 viewsYergali B, 07:54
Ашу / Түсініктеме