Get Mystery Box with random crypto!

Junior iOS-әзірлеушілерге арналған Kolesa Academy ақылы тағылы | Үздік БІЛІМ

Junior iOS-әзірлеушілерге арналған Kolesa Academy ақылы тағылымдамасына қабылдау ашылды!

2 ай ішінде тағылымгерлер Қазақстан мен Өзбекстандағы 12,5 миллион адам пайдаланатын өнімдердің нақты, жүзеге асатын тапсырмаларымен жұмыс істейтін болады.

Қашан:
• Академияның басталуы — 13 маусым;
• Қатысуға берілген өтінімдерді қабылдау — 5 маусымға дейін.

Шарттары:
• 2 апта оқу + 2 ай ақылы тағылымдама – айына 150 000 теңге;
• формат — офлайн, Алматыдағы Kolesa Group кеңсеcінде;
• кесте 5/2, 9:00 — 18:00;
• тағылымдамадан өту кезеңінде сізге жеке ноутбук қажет;
• егер сіз басқа қаладан болсаңыз, пәтер ақысын төлейміз;
• үздіктерге — offer және мықты #kolesateam командасында жұмыс.

Тағылымгерлерді алып жүретін, оларға көмектесетін менторлар болады — мобилді әзірлеу саласындағы сарапшылар.

P.S. Тағылымдама орыс тілінде болады. Бірақ компанияда қазақша сөйлейтін әзірлеушілер, мамандар көп. Сондықтан сіз Kolesa Group-та өзіңізді бөтен болып сезінбейсіз де, бөтен болмайсыз да.

Осы сілтеме арқылы қатысу шарттарымен танысып, өтінім беруге болады.