Get Mystery Box with random crypto!

ЕНТ және грант жайында 1) Мысалы Қазақстан бойынша тек 100 ға | Үздік БІЛІМ

ЕНТ және грант жайында

1) Мысалы Қазақстан бойынша тек 100 ғана грант орын бар делік, енді 1000 оқушы тапсырды, солардың тек алғашқы 100 оқушысы грант болады, 100-ші тұрған бала пороговый балл болып саналады. Әр жылда ент тапсырғандардың орташа баллын қарау керек, мысалы былтыр 61,5 болса, биыл 62 болса онда жалпы пороговый балл көтерілу керек, егер әрине дәл гранттар саны бірдей болса, яғни былтыр да биыл да 100 орын болса, ал егер былтыр 200 орын, ал биыл тек 100 орын болса онда әлде қайда көтеріледі.

2) әр универдің пороговый баллы деген де бар, егер арнайы қосымша бөлінген орындарды ескермесек, онда пороговый балл бәріне ортақ жүреді, егер жоғарыдағы мысалмен айтсам, 100-ші баланың баллы 90 болып, сол мамандыққа пороговый балл болады да, енді айталық ол ЕНУға тапсырды, яғни ЕНУдың проходяший баллы 90 балл, ал 99-ші орында тұрған баланың баллы айталық 95 балл және ол КазНУға тапсырды, яғни соңғы түскен абитурент балымен әр вуздың пороговый баллы болады, егер 100-ші бала ол ЕНУға емес КазНУға тапсырғанда, ал 99-орында тұрған бала КазНУға емес ЕНУға тапсырғанда онда ЕНУ баллы 95, ал КазНУдың баллы 90 болар еді.

3) егер сен 4 мамандық таңдау мүмкіндігіңе тек бір мамандықты жазып әр универге жазсаң, егер сен біріншісіне түсе алмасаң онда сен қалған 3-универге де түсе алмайсың. Неге? Себебі “расределение грантов” бір система жүреді, яғни бір рет жүреді.

4) сельский квота дегенмен 10-15 балл береді. Ол өтірік! Тек кейбір мамандықтарда мысалы 100 орынның 70% бүкіл түлектер түседі де (мейлі ол қала болсын, не ауыл мектебі болсын) ал қалған 30% орнына тек ауыл түлектері ғана конкурсқа түседі. Сол үшін проходяший баллды қарағанда сельская квота бар ма жоқ па, соны да ескерген жөн.

PS. Осы секілді сұрақтар көп болғандықтан, жалпы бір жауап ретінде пост ретінде салдым.