Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 15

2022-05-16 13:58:57
Мың жарым оқырман. Бұған сәл ертерек жетемін деп ойлап едім. Дегенмен жаман емес. Бірге болғандарға рақмет.
643 viewsedited  10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 11:55:52 1,5к
623 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 20:30:41 "Бүгін анама мені тәрбиелегенде жіберген қателіктері туралы айттым" десем бір түрлі естілетін шығар иә?

Бірақ, расымен осы туралы әңгімелестік. Қатты жақсы көрудің де баланың болашағына тигізер әсері өте мол екенін айттым.

Жазда бір психологтың тренингінде болдым. Сол кісі баланы қатты жақсы көрудің кесірінен болатын 6 түрлі "детский травманы" айтты.

Соның екеуі ғана есімде. Біріншісі жауапкершілік.

Баласын қатты жақсы көретін адамның бірінші жіберетін қателігі осы. Ол баласындағы бар жауапкершілікті өзіне алады. Оған солай қауіпсіз. Жауапкершіліктен босату, баланы өсе келе сол жауапкершілікті өзіне алуға деген қорқынышты ұялатады.

Себебі ес білгенен бері оның жауапкершілігін басқалар өз мойнына ала бергендіктен ол үшін үлкен қорқынышқа айналады. Ол өзіне сенбейді.

Екінші қателік. Баланы әр кез кішкентай көру. Әрине әр ата-ана үшін баласы есейіп кетсе де бала. Менің қырық беске келген ағам бар, анам соның носкиі жыртылса да уайымдайды. Хотя ол кісі уже келін түсіретін жаста.

Баласын әркез кішкентай көретін ата-ана осы әрекеті арқылы баланы қорғап жатырмын деп ойлайды. Ол адамның ойынша ол қорғамаса баласы бірдеңеге ұрынып қалуы мүмкін.

Осылай жақсы көрден, баланы кішкентай көріп өзі қорғаныш болуға ұмтылу ересек өмірге шыққанда балаға үлкен соққы болады.

Себебі, оны бала кезінен "сен үйтпе, бүйтпе. Оны былай істе. Менің айтқаным дұрыс. Мен айтқандай істе" деп үйретіп тастаған. Осы арқылы ол баласын өзіне "байлап" алған.

Ол енді өз ойымен шешім қабылдауға қорқатын болады. Бірдеңе істейін десе дұрыс істемей қоятын сияқты қорқыныш тұрады.

Баланы қатты жақсы көрудің өзі нормаға сай болуы керек. Әсіре қатты жақсы көрудің өзі баланың болашағына үлкен зиянын тигізеді.

Халық даналығы "балаңды жетіге келгенше патшаңдай еркелет, он төртке келгенше құлыңдай жұмса, одан кейін досыңдай сырлас" дейді. Меніңше бұл ең дұрыс, әрі практикамен дәлелденген система.

Қазекем тағы да "Балаңды аясаң аяма" дейді. Тәрбиенің дәні осы болуы керек.

Нағашы атамның жалғыз ұлы болды. Қанша жыл аңсап жүріп көрген жалғыз тұяғы еді. Бірақ анам айтады, ешқашан бос ұстамапты. Жалғыз ғой, көп күттім ғой деп емес қатал тәрбиеде ұстапты.

"Ұлың жақсы болсын десең құлыңдай жұмса, ішің жылып тұрса да дұшпаныңдай жүзіңді көрсет"

Бұл нағашы атамның ұлын тәрбиелегендегі ұстанымы. Әрине ол жердегі "құл", "дұшпан" деген сөзді турасынан түсіну керек жоқ.

Тек ұлыңды бос белбеу, ез қылма дегені шығар. Бізге осы жетпейді. Бізді төзімге үйретпеді. Біз сынып қала береміз. Бізге мотивация керек.

Бала тәрбиесі туралы баласы барлар ғана ойламауы керек.

Өз бойымдағы кейбір дұрыс емес әрекеттерімнің жауабын бала кезімнен тауып алдым.

Адам болу оңай емес. Сені тәбиелегенде ол кісілер жас болған шығар, жағдай болмаған шығар, бәлкиі білменен шығар. Бірақ сол қателіктерді өзің емдеп алуға болады.

Ол үшін проблеманың түп тамырын табу керек.

Сен өз ойыңды айтуға қысылуың мүмкін, болмаса кәз қате айтып қойсам ұят болар, алдымен біреу айтсын деп ойлайтын шығарсың.

Бірақ неге олай екенін білмейсің. Әйтеуір, бірдеңе дұрыс емес.

Оқы, ізден. Бала кезіңді қопар. Көбінің жауабы сол жержде жатыр.

Ересек өмір деген бала күнгі көрген, білгеніңді үлкен масштабта қайталау ғана.

Солай, Джони
281 viewsedited  17:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 15:08:31 Әрине ат баспаймын деген жерін екі рет басады.

Бірақ кей істі екінші рет істемеуге бел байлайтын кездер болады. Әрі осындай шешімдер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Мен он бір бітірген жылы жазда кластастарымның почти бәрі құрылысқа жұмысқа кетті. Әңгіме жоқ ол жерде ақша жақсы төленеді. Соларға "еріп" мен де құрылысқа бардым. Маусым мен шілденің аптап ыстығында құс фермасының фундаментін құйдық. Күн деген жанып тұрады. Төбеңнен күн өткенде көзің қарауытып кетеді. Өте ауыр жұмыс. Солай күнге қақталып, қара қайыс болып қырық бес күн істедім. Бір тиын жалақы алмадым. Лақтырып кетті. 45 күн құл боп қайттым. Еще алғаш істеген тұрақты жұмысым ғой. И раз сразу қадалдым.
Типа, үлкен өмір начинается и бірден бетіңе батс қадап жібереді.

Осыдан кейін іштей енді құрылысқа жоламаспын деп кеттім.

Бірінші курс жылы төрт күн даяшы болдым. Бұл менің даяшылық мансабымың басы және соңы болуы керек дедім.

Себебі эгоңа қиын. Біреудің алдында иілу, оны қалауын сұрау, алдын тазалау менікі емес сияқты болды. Мен үшін ол қиын екен.

Сомен бітті. Студентсің тойға, банкетке даяшы болмайсың. Құрылыста істегің келмейді. Степуханы түскен күні "ішіп" тастайсың. Қалған 29 күн тамақ табу керек. Солай бұрын түсіме де кірмеген жаңа саланы меңгердім.

Ойласам бұл қажеттіліктен туыпты. Егер мен эгомды сындырып даяшы бола бергенімде, болмаса құрылысқа барғанымда жаңа білімді игермес едім. За то сол кезде үйренген кәсібім бүгінгі нан табырма айналды.

Еңбек қылмақ керек, бірақ ертеңі бар, өсімі бар іске харекет қылған ләзім.

Студент кезден даяшы болмай ақша табуға тырыс. Ақша әкелетін қабілеттер үйрен. Бір күні студенттік өмірің де бітеді, бірақ жиған қабілеттерің, білімің әр кез өзіңмен бірге. Ал сен өмір бойы даяшы, сатушы болғың кемейтін шығар?!

Солай, Джони
433 views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 10:28:25 Көшеде мың кісі бар. Әркім өз сүйген құлына сәлем береді.

Қазақ нақылы
472 views07:28
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 20:50:02 Соңғы кездері ол өзгерген сияқты. Білмеймін маған солай сезіледі.

Оралхан Бөкейдің осы бір сөзін жиі айтамын. Ол "Қыз деген қырдың гүлі сияқты. Күннің көзі қай жақтан молынан түссе басын сонда бұрады" дейді.

Оны еркелете алуың, оны тыңдауың, ол адамның ойы сен үшін маңызды екенін сездіруің. Бәрі бәрі тек алға жылжытады.

Біз алғаш сөйлесіп бастаған кезде ол "мен ешқашан біреуге жыламағанмын, жыламаймын да" деп айтты. Ал қазір оны "жылауық" деп күлеміз...

Адам өзін қауіпсіз сезінген жерде ғана әлсіздіктерін көрсете алады. Ал әлсіздігіңмен бөлісе алу екі есе жақындастырады.

Адамға ақылды да, әдетті де күштеп сіңіру қиын. Ол уақытпен қалыптасады.

Егер сен өз адамыңды тез арада мен қалағандай "жасап аламын" деп ойласаң сындырып аласың. Ол жәймееен, байқалмай болуы керек дүние.

"Қалай бармын солай қабылдасын"дейтін ең қате пікір. Эгоизмнің иісі бұрқырап тұр. Ал екі адамның арасындағы қарым қатынаста "мен" жоқ, тек "біз" бар.

Егер ол тек менің қалауымды орындасын. Маған ыңғайлы болсын. Тек мені тыңдасын деп ойласаң қателесесің. Бұл жәй ғана эгоңды тамақтандыру.

Өз адамың үшін өзіңді өзгерту, жаңа әдеттер қалыптастыру, кейбіреуінен бас тарту бұл маңызды.

Солай, Джони
130 viewsedited  17:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 14:16:35 Каждый раз "Иә, ұрсысу норма. Ренжу де дәл сол сияқты. Олсыз болмайды. Тек ашуланған кезіңде ауыр сөз айтып қоймауға тырыс. Ренішіміз басылады. Қайта талуласамыз. Бірақ сөз ұмытылмайды. Ол байланып қалады." деп ескертіп отырамын.

Бірақ, кейде эмоция үстінде сөздер шығып та кетеді. Сосын, өзім іштей күйіп-пысып "Адам сияқты қанша рет ескерттім, ал бұл эмоциясын ұстай алмайды. Айтпа десең де айтып қалады" отырғаным.

Бірақ, қарым-қатынас та білімді, оқуды қажет етеді. Екіншіден уақытпен де көп дүниені түсінесің.

Бір жерден оқып қалдым "әйел-ол эмоцияның адамы. Ол бірінші айтады сосын ойланады" дейді. Расымен, кейде ашуы басылғасын артық кеткенін мойындап кешірім сұрап жатады.

Екіншіден ол бөлек адам екенін түсіну. Ол дәл сен ойлаған сияқты, сен қалаған сияқты істей алмайды. Істемеуі де керек. Ол бөлек жаратылыс. Неге мен ойлағандай істемейді деп ойлау қате.

Ер адамға осыған келгенде сәл сабыр керек. Түсінік те маңызды. Ашу да екі жақты. Егер ол ашуланған кезде сен үнсіз қалсаң, бұрқылдап бұрқылдап өзі басылады. Және керісінше. (Осыны барынша ұстауға тырысамыз. Ашулымыз ба "давай, сәлден кейін хабарласайық дейміз. Әп-әдемі жұмыс істейді)

Егер ұрыс кезінде өз жеңісіңді ойласаң ешқашан жеңбейсің бұл майдан емес. Бұл жерде келісім маңызды. Сабыр маңызды.

Солай, Джони
364 views11:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 15:00:33 Жол жиегінде құрылыста істейтін бір жігіт тамақ жеп отыр. Ыңғайланып отырып алған. Жердің, айналаның, тіпті үсті-басы бәрі шаң. Қоқыс. Бірақ ештеңені елеп те отырған жоқ. Сыртынан қараған адамға сәл ыңғайсыз көрініс. Жиіркенішті көрінуі де мүмкін. Іштей гигиена, ау мау деген бір бәлелерді ойтап та қаларсың.

Бірақ.. кезінде менде құрылыста істеп көргем. Алғашында сәл ыңғайсыз. Отырған жеріне қақырынып түкіріну, шаң киіммен отырып тамақ іше беру. Бәрі сәл оғаш көрінеді. Дегенмен, сол жерде біраз жүрсең жаңағының бәрі нормаға айналады. Сен де солардың әрекеттерін қайталай бастайсың. Алғаш барған кезде шаң киімді киюді өзі жиіркенішті, қағып сілкіп әлек боласың. Уақыт өте ол да нормаға айналады. Келесің, киесің, темекіңді қыстырып, түкірініп жүре бересің.

Маған ең ұнайтын "Сынық терезе" деген теория бар. Бүгінгі Нью Йорктің келбетін қалыптастыруға ең үлкен әсер еткен теория.

Бұзықтардың, қылмыскерлердің қаласынан әлем астанасына айналуына әсер еткен теория.

Ол теория бойынша егер ғимараттың бір терезесі сынып тұрса, оның айналасындағы терезелерді сындыру ықтималдығы жоғары. Яғни өзі де сынып тұр, басқасын сындырғаннан зиян келмейді деген түсінікке саяды.

Я болмаса, сен қолыңдағы мусорды жол бойына тастай салуың да осыған қатысты. Егер сен жолдан басқа бір қоқыс көрсең саған тастау жеңілірек. Себебі саған дейін де ол жерде қоқыс болды. Ал егер жол брйы таза болса сенің қоқысты тастауың да қиынға соғады.

Теорияның мәні сол, адам айналасына бейімделеді. Олар саған дейін де болғандықтан нормаға айналып кетеді.

Бұл барлық жерде жұмыс істейді. Тек қоқыс, бұзақылық емес, ортаңа да, өзіңе де қатысты.

Солай, Джони
422 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 14:50:43
Көрсетемін дедім ғой, міні қазақтың 69-ы!
358 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 14:28:00 - Қазақта 69 болған ба?
- Әрине, болмағанда нақ!
- Өтірік айтпа нақ!
- Қазір көрсетемін...
390 views11:28
Ашу / Түсініктеме