Get Mystery Box with random crypto!

Әрине ат баспаймын деген жерін екі рет басады. Бірақ кей істі | Шылғау

Әрине ат баспаймын деген жерін екі рет басады.

Бірақ кей істі екінші рет істемеуге бел байлайтын кездер болады. Әрі осындай шешімдер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Мен он бір бітірген жылы жазда кластастарымның почти бәрі құрылысқа жұмысқа кетті. Әңгіме жоқ ол жерде ақша жақсы төленеді. Соларға "еріп" мен де құрылысқа бардым. Маусым мен шілденің аптап ыстығында құс фермасының фундаментін құйдық. Күн деген жанып тұрады. Төбеңнен күн өткенде көзің қарауытып кетеді. Өте ауыр жұмыс. Солай күнге қақталып, қара қайыс болып қырық бес күн істедім. Бір тиын жалақы алмадым. Лақтырып кетті. 45 күн құл боп қайттым. Еще алғаш істеген тұрақты жұмысым ғой. И раз сразу қадалдым.
Типа, үлкен өмір начинается и бірден бетіңе батс қадап жібереді.

Осыдан кейін іштей енді құрылысқа жоламаспын деп кеттім.

Бірінші курс жылы төрт күн даяшы болдым. Бұл менің даяшылық мансабымың басы және соңы болуы керек дедім.

Себебі эгоңа қиын. Біреудің алдында иілу, оны қалауын сұрау, алдын тазалау менікі емес сияқты болды. Мен үшін ол қиын екен.

Сомен бітті. Студентсің тойға, банкетке даяшы болмайсың. Құрылыста істегің келмейді. Степуханы түскен күні "ішіп" тастайсың. Қалған 29 күн тамақ табу керек. Солай бұрын түсіме де кірмеген жаңа саланы меңгердім.

Ойласам бұл қажеттіліктен туыпты. Егер мен эгомды сындырып даяшы бола бергенімде, болмаса құрылысқа барғанымда жаңа білімді игермес едім. За то сол кезде үйренген кәсібім бүгінгі нан табырма айналды.

Еңбек қылмақ керек, бірақ ертеңі бар, өсімі бар іске харекет қылған ләзім.

Студент кезден даяшы болмай ақша табуға тырыс. Ақша әкелетін қабілеттер үйрен. Бір күні студенттік өмірің де бітеді, бірақ жиған қабілеттерің, білімің әр кез өзіңмен бірге. Ал сен өмір бойы даяшы, сатушы болғың кемейтін шығар?!

Солай, Джони