Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2022-05-25 09:58:56 Өткен күнде белгі жоқ. Мектеп десе нені бірінші еске аларымды білмеймін.

Спорт залдағы дискотека, алғаш ұрланып шеккен темекі, бес бала бір бөтелке сыраны бөліп ішіп өтірік мас болу, төбелес, алғашқы сезімдер, үзілісте келер сабаққа жанталаса дайындалу, жас өспірім кездегі қыңыр мінез, ұрыс керіс.

Әйтеуір бір кездер.
326 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 09:49:15 Өмірдегі әр периодтің арасында "өлара" кезең болады.
Мектеп бітіріп оқуға түскенге дейінгі аралық. Оқуды аяқтап жұмысқа тұрғанға дейінгі кезең. Үйленер алдындағы уақыт, тсс.

Ең қызығы осы өлара шақта адамдарда үлкен қорқыныш болады. Как будто өткен шақ ең әдемі уақыт болған сияқты. Ең қызықты күндерің артта қалып бара жатқандай болады.

Мектепті бітірген кезде ең қызықты шағым осы мектепте өтті-ау, енді ондай күн оралмас деп ойлайсың.
Бірақ студенттік шақтың қызығын сезінгенде, қателескеніңді түсінесің.

Оқуды аяқтап үлкен өмірге қадам басқан кезде де дәл осындай ой болады.

Қызығы тағы қателесесің. Өскен сайын, жаңа периодке өткен сайын өмір қызығырақ бола түседі. Үйлену туралы да дәл сондай ойдамын.
324 views06:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 09:29:59 Бүгін соңғы қоңырау екен ғой. Қайрааааан, деп күңіренейін десем дым сағынбағанмын әкеңді.

Мектеп бітіріп, сәл сөздері жіпсіп отырғандар болса уайымдамаңдар. Нағыз қызықты өмір енді басталады.

Мектебім менің, мектебііііім... неа, қыртқан әңгіме.

Ең күшті күндер күтіп тұр.
355 viewsedited  06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 07:19:33 Таңғы бесте оянсам "Ежелгі Индия" туралы бірдеңе көріп жатыр екенмін. Ютубты өшіріп ұйықтап үйрену керек еді.

#хаха
384 views04:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 21:34:16 Өткен жылы бір кластасымның "сен далбаеб түріңе қарасам гейлерді қолдайтынға ұқсайсың нақ" дегені есімде. (Хаха)

Қазір кластастарыммен тек естеліктер айтады екенбіз. Басқа біріктіретін, талқылайтын ештеңе қалмаған.

Бір ұядан ұшсақта, әр түрлі ортаға түстік. Әр түрлі көзқарастар қалыптасты. Түсінісе алуың да қиындай бастайды.

Бұл мен жақсы боп кеттім, олар жаман боп қалды деген сөз емес. Тек өмірге әр қырынан қарай бастағанымызда.

Оларға кітап оқу, психология, эмоцияналды еркіндік деген дым да қызық емес. Әңгімелері басқа. Құндылықтары өзге.

Менің әңгімелерім оларға қызық емес. Сәйкесінше олардыкі де маған...
187 views18:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 11:36:29 Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан атамыз Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына жазған хатынан үзінді...


«Шырағым Ахмет! Шырағым Міржақып! Сендер қайта-қайта абақтыға түсе бересіңдер. Оған налымаңдар. Атам заманнан, Прометейден бергі уақытта ел үшін күрескен азаматтардың көргені - абақтының есігі. Баяғыда доңыз бен аққу дос болыпты. Доңыз сонда аққуға: «Ей аққу, сен айтшы, күн бар дейсің, сол күнді мен неге көрмеймін» депті. Сонда аққу: «Әй доңыз, сені Алла төмен қаратып жаратқан. Сондықтан, сен күнді көре алмайсың» депті. Шырағым Ахмет! Міржақып! Болашаққа күнді көре алатын ұрпақ керек. Сол ұрпақ сендердің аттарыңды атап, құрмет көрсетіп жатса, бақытты емессіңдер ме!?» деген екен.

#естіәңгіме
266 views08:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 21:38:28 Блә, бүгін жексенбі екен ғой деп ойлап жатсам, уже жексенбі бітіп кетіпті.

#хаха
234 viewsedited  18:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 08:47:34
Әл-Фараби
498 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 08:47:11 Дегенмен бұл ғалымдарда көшпелі мәдениеттің ізі жоқ, деп жазады Оксфорд профессоры С.Е.Босворт. Оның пікірінше, "әл-Фараби, әл-Бируни және ибн Сина сияқты ұлы тұлғаларды түрік ғалымдары асы ынталылықпен, қызығушылықпен өздерінің нәсілдеріне қосып алған".

Р.Н. Ал Фрейе мен Айдын Сайили түркілер Селжүктерден бұрын Трансоксианада арабтардың ауылдарды жаулап алуы кезінде өмір сүргенін және бұл түріктердің көшпелі өмірі болмағанын айтады.

Әл-Фараби бүкіл өмірін дерлік Бағдатта өткізді.

Діни нанымы

Әл-Фарабидің исламдағы діни көзқарасы даулы. Кейбір тарихшылар оны суннит деп атаса, басқалары оның шиіт болғанын немесе шиіттердің ықпалында болғанын айтады.

Наджар Фаузи әл-Фарабидің саяси философиясына шииттік секталардың ықпалы болғанын дәлелдейді. Надя Мафтуни оң пікір айта отырып, Фараби жазбаларының шииттік аспектілерін сипаттайды. Оның айтуынша, Фараби өзінің «Әл-Миллаһ», «Әс-Сияса әл-Мадания» және «Тахсил ас-Са’ада» кітаптарында пайғамбар мен оның мұрагерлері — имамдар басқаратын утопияға сенеді.

***

Ал, Қазақстанда Әл-Фарабиді қазақтың ата-бабасы ретінде зерттеу 1970 жылдары аяқ астынан пайда болған сияқты (жеке пікір. қарсы ғылми пікірлер болса, айтыңыздар...)

Одан бұрын Әл-Фараби туралы Алаш Орда айтты ма?
"Адамзатта тумайды Шыңғыстай ер" деп жырлаған Мағжан Жұмабаев "адамзатта тумайды Әл-Фарабидей ғұлама" деп жазды ма? Ахмет Байтұрсынұлы Әл-Фараби туралы айтқан ба? Әлихан Бөкейхан Әл-Фараби туралы жазған ба? Шыңғыс тауында Абай атамыз Әл-Фараби туралы айтып кеткен бе?" деген сауалдар бар....

Бұл зерттеуді қажет етеді-ау...

***

Ал, менің жеке талдауым, Әл-Фараби бүкіл өмірі Бағдатта өткені фактілер.
Оның туған жері туралы болжамды жерелер көөөп(соның бірі ғана қазіргі Қазақстан территориясында), мұны ықтималдықпен де есептей салуға болады)))...қанша пайыз ықтималдық екенін)))

Тегі туралы да терориялар көп. Қазақтың емес, тіпті түркі текті болуы да даулы. Оның да ықтималдығын есептей салуға болады)))..

Ұмытпуға тиіс нәрсе, ғылым дамыған сайын шындық ашыла береді....шын ғылым болған жақсы...бір жақты пропаганда емес, жан-жақты шындық пен фактілер айтылу керек...сосын ықтималдығын есептеу керек)))....

Фотода: Әл-Фараби
513 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 08:47:11 Әл-Фараби кім?

Әл-Фарабидің шығу тегі мен тегіне қатысты негізгі деректердегі өзгерістер көп. Бұл олардың көзі тірісінде де, одан кейін де нақты мәліметі ешкімде жазылмағанын, тек есту немесе болжамға негізделгенін көрсетеді.

Әл-Фарабидің өмірі туралы мәлімет өте аз. Алғашқы дереккөздерге әл-Фарабидің өз заманына дейінгі логика мен философияның тарихын қадағалайтын өмірбаяндық үзінді жазғаны және Әл-Масуди, Ибн ән-Надим және Ибн Хавкалдың қысқаша ескертулері бар.

Саид Әл-Андалуси әл-Фарабидің өмірбаянын жазды. 12-13 ғасырлардағы араб биографтарының қолында аз ғана фактілер болған және оның өмірі туралы ойдан құрастырылған оқиғаларды пайдаланды.

Кездейсоқ деректерден оның (өмірінің көп бөлігін) Бағдадта өткізгені белгілі. Ол кейінірек Дамаскіде және Мысырда болып, Дамаскіге оралғанға дейін 950-1 жылы қайтыс болды.

Оның есімі Әбу Наср Мұхаммед б. Мұхаммед Фараби, кейде аль-Тархани тегімен, яғни tarhān элементі нисбада кездеседі.

Оның атасы замандастары арасында танымал емес еді, бірақ кейінірек Ибн Әби Усайбиа және оның арғы атасы Ибн Халликанның еңбектерінде кенеттен Әузаләһ есімі кездеседі.

Оның туған жері Орталық Азиядағы, ол кезде Хорасан атымен белгілі болған көптеген жерлердің бірі болуы мүмкін.

«Параб/фараб» атауы ағынды су көздерімен суарылатын немесе жақын маңдағы өзені бар жерді білдіретін парсыша термин. Осылайша, қазіргі Өзбекстандағы Яксарт (Сырдария) бойындағы Фараб, қазіргі Өзбекстанның шетіндегі Фараб ауылы сияқты жалпы аумақта сол атауға байланысты(немесе сол гидрологиялық/геологиялық топонимнің әртүрлі эволюциясын) көптеген жерлер бар. Түркіменстандағы Оксус Амудария бойындағы Чахаржуй/Амол (қазіргі Түрікменабат) қаласы, Мервті Бұхарамен байланыстыратын Жібек жолында немесе Үлкен Хорасандағы (қазіргі Ауғанстан) Фарьяб қаласы. Көне парсы[ Pārab (Hudud al-ʿʿ'lam тілінде) немесе Фарьяб (сонымен қатар Pāryab) — «өзен суын бұру арқылы суарылатын жерлер» дегенді білдіретін жалпы парсы топонимі. 13 ғасырға қарай Яксарттағы Отырар Фараб деп аталды.

Ғалымдардың дені Фарабидің этникалық тегі анықталмаған дегенге келіседі.

Парсылық шығу тегі теориясы

Ортағасырлық араб тарихшысы Ибн Аби Усайби'а (1270 жылы қайтыс болды) — әл-Фарабидің ең көне өмірбаяншысы — өзінің «Уйюнінде» әл-Фарабидің әкесі парсы текті екенін айтады. Шамамен 1288 жылы өмір сүрген және ерте өмірбаянын жазған әл-Шахразури де Фарабидің парсы отбасынан шыққанын айтады.

Джорджтаун университетінің философия профессоры Маджид Фахридің айтуы бойынша, Фарабидің әкесі «парсылық экстракцияның армия капитаны болған». Парсыдан шыққаны туралы көптеген басқа дереккөздер де айтылған. Димитри Гутас Фараби еңбектерінде парсы, соғды, тіпті грек тілдеріндегі сілтемелер бар екенін, бірақ түрік тілінде емес екенін атап өтеді. Оның ана тілі және Фараб тұрғындарының тілі ретінде соғды тілі екенін қуаттаған.

Мұхаммед Джавад Машкур де иран тілінде сөйлейтін Орталық Азиядан шыққанын дәлелдейді. Кристоф Баумердің айтуынша, ол (Әл-Фараби) соғды болуы мүмкін. 2020 жылы жазған Терезе-Эн Друарттың айтуынша, "Ғалымдар оның этникалық шығу тегіне дауласады. Кейбіреулер оны түрік деп мәлімдеді, бірақ соңғы зерттеулер оның парсы екенін көрсетеді."

Түркілік шығу тегі теориясы

Әл-Фарабидің түрік тектілігі туралы аругменттің ең көне анықтамасын ортағасырлық тарихшы Ибн Халликан (1282 жылы қайтыс болған) келтіреді, ол өзінің «Вафаят» (669/1271 жылы аяқталған) еңбегінде Фараби Фарабқа жақын орналасқан Уасидж деген шағын ауылда дүниеге келген деп айтады. (қазіргі Отырар, Қазақстан). Осы дерекке сүйене отырып, қазіргі кейбір ғалымдар оны түркі текті дейді. Грек текті американдық арабист Димитри Гутас мұны сынап, Ибн Халликанның жазбасы Ибн Әби Усайбианың бұрынғы тарихи деректеріне бағытталған және әл-Фарабидің түркі текті екенін «дәлелдеу» мақсатына жасаған дейді, мысалы: қосымша нисба (тегі) «әт-Түрк» (араб. «түрік») қосу арқылы — ал ол (нисба) Фарабиде ешқашан болмаған. Алайда Ибн Халлеканды көшірген Әбу әл-Феда мұны түзетіп, әл-Торкиді «уә-кана ражолан торкийан» деген сөзбен өзгертіп, «ол түрік адамы болған» деген уәж айтады.
510 views05:47
Ашу / Түсініктеме