Get Mystery Box with random crypto!

Шылғау

Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау Ш
Telegram арнасының логотипі shylgau — Шылғау
Арна мекенжайы: @shylgau
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.59K
Арнадан сипаттама

Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 16

2022-05-13 10:56:54 Әрбір ересек адамның қателігі өзінен жасы кішіні көрсе ақыл айтқысы келіп тұратыны. Әйтеуір бірдеңе үйретіп қалуға талпынысы. Мейілі ол үйретуді, ақыл аййтуды сұрамаса да айтқысы келіп тұрады. Бұл бізідң қателік. Сенің айтып жатқан ақылың ол адамға шынымен пайдалы екенін қайдан білесің?

Егер ішіңнен "маған пайдасы тиген ақыл, болмаса мен жіберген қателік" оған да пайдасы тиіеді деп ойласаң қателесесің.

Ол басқа адам. Сен де. Сәйкесінше екі түрлі тағдыр. Сұрамаса ешкімге ештеңені үйретуге талпынудың қажеті жоқ.

Сен оның еркіндігіне қол сұрғып жатсың.

#иванғалия
469 viewsedited  07:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 09:26:05 Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.

Шәкәрім Құдайбердіұлы
488 views06:26
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 21:06:09 Өзара безеу қысысу махаббаттың жаңа деңгейі
183 views18:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 13:14:27
"Тарыдай болып кіресің таудай болып шығасың" деген мақалды тура түсінген бала.

Мансапты жасағасын осылай жасау керек қой.

#хаха
1.3K views10:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 18:52:45 4к фото, 600 контакт өшіріп алған адам темекі шеккісі келеді екен.

#хаха
251 views15:52
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 07:11:28 Адам тағдыры…

Адамның тағдырына 3 нәрсе әсер етеді.

Біріншісі - тегі. Қазақ айтады: “жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да - тартпай қоймас негізге”.

Екіншісі, отбасындағы тәрбиесі. Қазақ “ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”-, дейді.

Үшіншісі, сенің ортаң. Қазақ: “досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын” -, дейді.

Бұны ДЕТЕРМЕНИЗМ дейді, яғни заңдылық.
Бірақ менің бақылауымша, осы үшеуінің ішіндегі адам тағдырына, қалай қалыптасатынына әсер ететін ең маңыздысы - ортасы. Себебі, тегіңді таңдап ала алмайсың, ал отбасындағы алатын тәрбиеңе сенің әсерің жоқ. Ал адам ортасын таңдай алады. Мысалы, Түркияның қазағы басқа, Германиядағы қазақ басқа, тіпті Солтүстік Қазақстанның және Оңтүстіктің қазақтары бір-біріне ұқсамайды. Ұры ортаға түсетін адам, ұры болуға мүмкіндігі үлкен, темекі, арақ ішетін ортаға түскен адамның солар сияқты болуға мүмкіндігі үлкен.
Сол сияқты, еңбек сүйгіш, адал ортаға қосылған адам еңбекқор, адал болатыны сөзсіз. Адамды жасайтын - орта.

Ахметбек Нұрсила
490 views04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 05:48:36 Сосын автобусдың алдына тұр, тез келесің!
140 views02:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 05:47:49 - Қайдасың?
- Автобус күтіп тұрмын
- Ок. Тез күт
142 views02:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 09:52:06 1942- жылы АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕ 106-шы кавалериялық дивизия құрылады. Қазақтың жігіттерінен ғана құралған бұл жасаққа берілген қару-жарақтың тізімі архивте сақталыпты. Акт приемки дейді ғой. Көрнекілік үшін, суретте қаруларының түрін тізіп қойдым.

Совет солдаттары бұ кезде ппш дейтін иегінде дөңгелек оқшантайы бар автомат ұстап жүрген. Ал бұл дивизияда автоматтың 1 штугі де жоқ.
Пистолет саны — ноль!
4091 солдатқа 102 ғана винтовка беріліпті. (Оның өзінде винтовкалар негізінен дивизияның командирлері – Борис Панков, Павел Руссов, Иван Кисилевтерге бұйырған)
Сосын ескі 61 миномет таратылған. Онысы 300 метрге әрең жетеді. Осымен бітті.
42-нің мамыр айында Харковь облысы, Красноград кентіне бекініп алған фашистерге қарсы осы жалаңқол дивизияны айдаған. Танк, пулеметке қарсы. Шығын 100%.

Орыс еместерді қарусыз шабуылға шығара берген,-дегенді әдебиеттерден көп оқығам. Атам марқұм, офицерлер біздерге (қазақ-өзбек) винтовка таратқанда 10 адамға 1-ден беретін. Керек болса, немістен тартып ал,-деп жекуші еді. Шабуыл басталғанда, қаруы бардың қасында желпілдеп жүгіретінбіз. Ол оққа ұшса, лезде келесіміз винтовканы ала қойып, алға жүгіруші ек,-деп айтып отыратын. Сенбеп ем, кешір...

Нұрбек Бекбау
238 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 22:16:13 https://open.spotify.com/track/3hRV0jL3vUpRrcy398teAU?si=ClKDyaPYRqWNemcdJpP1kg&utm_source=native-share-menu
102 views19:16
Ашу / Түсініктеме