Get Mystery Box with random crypto!

ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАДЫМ Осы сөздерді көп айтатын адамд | Роза Аширбаева

ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАДЫМ

Осы сөздерді көп айтатын адамдар бар.
Вообще айтпайтын адамдар бар.

Мысалы түрінде айтайық: Жұмысқа тұру процессі арқылы. Екі түрлі стратегияны қарастырайық.

Асан мен Үсен (тура мектептегі ертегідегідей ) жұмысқа тұрғысы келеді. Екеуі де жақсы жұмыс іздейді, екеуі де дайындалуда.

Бірге отырып резюме жазады. Сол резюмені тапсыратын жұмыс орындарының тізімін жасайды.

Екеуі де өмірлеріндегі алғашқы собеседованиесіне барады. Тәжірибе жоқ. Қолдарында бір жапырақ резюме. Көңілде қорқыныш. Бірақ сенім ұрып тұр.

Собеседование өткізіп жатқан адам оңдыра ма? Түрлі сұрақтар қойып, менсінбей қарап, өзінше ақылгөйсіп, резюме дұрыс жазылмағанына дейін айтып, есікті меңзейді.

Асан мен Үсен бастары салбырап тағы 2-3 компанияларды аралайды. Барлығының жауабы бірдей.

Екеуі көңілдері түсіп үйлеріне қайтады. Бірінші күннің жағдайы оларды реальный өмірмен бетпе-бетпе кездестірді. Жұмысқа тұру оңай емес екенін түсінді.

Үйінде жатып Үсен қатты ашуланды.

Үйінде жатып Асан да қатты ашуланды.

Үсенге бүгінгі жағдай ұнамады. Бөтен адамдардың оны менсінбей, басынғаны ашуын келтірді.
Асанға да тура осы жағдай ұнамады.

Осы жерде екеуі екі түрлі шешім қабылдайды

Үсен жұмысты таныстарынан іздейіді. Олар жекімейді. Әкесінен көмек сұрайды. Аға-көкелерін жағалайды. Туыс болмаса да, рулас, жүздес, ауылдастардың көмегіне жүгінеді. Жұмыс іздеу жалғасуда.

Асан HR-менеджерлердің барлық айтқан ескертулерін, жауап бере алмай қалған сұрақтарды есіне түсіреді. Солардың алдында тупой болып отырғаны ішін күйдірді. Отыра қалып сол жауап бере алмаған сұрақтарды интернеттен зерттей бастайды. Айтылған ескертпелерді реттеп, келесі күні тағы собеседованиеге барады. Жұмыс іздеу жалғасуда.

Біраз уақыт өтті. Асан 10-15 компанияны аралады. Собеседование өтуді, өзін ұтымды көрсете білуді, алғырлықты, мықты резюме жазуды үйренді. Ол әрине жұмысқа тұрды. Өзін ұтымды көрсете алу, проблемалардың шешімін тез табу қабілеті оған жұмыста да көмегін тигізді. Ол өзінің алғырлығын әрі қарай дамытты.

Үсен әлі жұмыс күтуде. Папасының нағашы ағасы үлкен компанияда бастық екен, сол күтсін депті.

Асан мен Үсен бірде кездесіп қалады. Амандасып, жұмыс туралы сұрайды.

Асан уже жұмысқа тұрып кеткенін айтады.

Үсен: Мен қолдан келгеннің бәрін істедім, жақсы жұмыс жоқ - депті.

Сіздер осы оқиғаға разбор жасаңыздар. Мен өз ойымды кейінірек айтамын

#мотивация