Get Mystery Box with random crypto!

БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (екінші бөлім) Бостандықтың дәмі қандай? | Роза Аширбаева

БӨЛЕК ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ (екінші бөлім)

Бостандықтың дәмі қандай?
Егер бостандықты тамақ деп есептесек, оны қалай пісіруіміз керек?

Біріншіден, бұл жалғыз пісірелетін тамақ емес. Оны дайындау үшін екі жақ бір команда болу керек. Екі жақ дегеніміз ері мен әйелі. Әйелі бостандықты қалап, ал күйеуіне бұл тема қызық болмаса, тамақ піспейді. Постты әрі қарай оқымай-ақ қойсаңыз болады.

Екіншіден, бұл тамаққа мынадай маңызды ингридиенттер керек:
бөлек тұрғандағы қаржылық жоспар,
баспана, жаңа мекен-жайдағы жұмыс,
мектеп, садик мәселесі сақадай сай болу керек. Барғанда көреміз емес, уже нақты мәселе шешілген болу керек.

Үшіншіден, пісіру мәселесі. Осы жерде отты дұрыс жақпасаңыз тамақ піспейді, қатты жақсаңыз бәрі күйіп кетеді. Пісіруге уже ері мен әйелі ғана емес, үлкендер (ата-ана), кейде есейген бала шаға қатысады.

Пісіру бұл - әулетпен сіздердің жанұяңыздың бөлек шығуын талқылау, келісу, бата алу

Бостандық тамағын пісіру процессі әр отбасыда әр түрлі. Бәріне бірдей ереже жоқ. Әулеттер де әртүрлі ғой. Бір отбасыда үлкендердің жасы егде, бір отбасыда әлі жас, жұмыс істейді. Бір отбасыда аналары жалғызбасты, енді біреуінде әке жалғыз. Біреулер көп ағайынды болып тұрса, біреулер үйдің жалғызы. Бұл жағдайлардың бәрін ескеру керек. Таныстарыңыз ертерек бөлек шықса, сізде солай болады деген сөз емес

Тамақты бастамай тұрып осы жерде сізге (ер мен әйеліне) бостандықтың не екенін түсініп, сіздерге оның қандай формасы керек екенін нақтылап алу керек.

Түптің түбіне келгенде бостандық дегеніміз не?

Өзбетіңше отағасы мен отанасы болып, өз қаржылық, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерді өзідеріңіз екеуара шешу, үйде рахаттынып қалаған киімді киіп жүру, қалаған асын дайындап, қаламаса үй жинамау сияқты “простой кайфушкалар” ғой.


Бұл әрбір ересек адамның базалық қажеттілігі.
Сіздер түсінуіңіз керек, мұны қалау - нормально!

Бөлек отау тігуді қаласаңыз сіз рахметі жоқ эгоист, ата-ананың қадірін білмейтін жетесіз емессіз.

Бөлек тұруды қалау - есеюге деген құштарлық.

Бөлек тұру - жау болу емес.

Бөлек тұру - енді біз ата-анамызды жақсы көрмейміз деген сөз емес.

Бөлек кетсе алыстап кетеді деген кепіл жоқ, бір шаңырақ астында тұрып бір-бірінен өте алшақ адамадар қаншама! Бір дастархан басында тамақ ішіп отырып, бір-бірін жек көріп отыратындар жетеді. Сондықтан бір үйде тұру - татулықтың кепілі емес.

Үлкендер мен жастардың ортасындағы нағыз жылы қарым-қатынас тек тіл табысқанда, бір-біріңді тыңдай алғанда, бір-біріңнің қажеттілігіңді түсінгенде ғана болады.

Бөлек тұрудың (бостандықтың) формалары:

Көшіп басқа мекенге (ауыл, қала, мемлекет) кету

Бір мекенде тұру (үйлеріңіз алшақ)

Көрші тұру (үйлеріңіз жақын)

Бұл үш форманың да басты принципі - бөлек жанұялық система құру

Сіздің әке-шешеңіздің құрған отауы бөлек система.
Сіздің құрған отауыңыз бөлек система болу керек.

Егер барлығыңыз бір отбасылық системада тұрсаңыз, онда үйде түсіністік пен гармония сақтап отыру үлкен күш, еңбек және шыдам талап етеді.

Осы үш форманың ішінде өздеріңізге дұрысын таңдаңыз

Жоғарыдағы ақпаратты жинақтайық, сонымен:

Ері мен әйелі бірдей бөлек шығуды қалау керек

Толықтай қаржылай және экономикалық тұрғыда дайын болу

Өздеріне дұрыс келетін бостандық формасын таңдау

Пісіру керек, яғни үлкендермен сөйлесу, ойыңды дұрыс жеткізу

Бостандықтың дәмін тату, яғни көшу.

Пост ұзақ болды тағы, өйткені тақырып күрделі.
Көбісі менен былай де, бүйтіп айт, бетке айт, шашын жұл деген ақыл күтіп отырған сияқты

Осы постта көрсетілген алғышарттарды ер мен әйелі бір команда болып орындаса, сөйлесу, жеткізу қайда оңай .

Бостандық аңсаған қауым, сіздерде осы алғышарттардың қайсысы дайын?