Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 519

2022-04-25 10:02:41 Қазақстанның Тұңғыш Президенті статусы Конституцияда Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға ретінде белгіленеді - «Арнайы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірәсілов
213 viewsedited  07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:53:47 Арнайы жұмыс тобы Конституцияға түзету енгізу жобасын ұсынды

Заң жобасында супер-президенттік басқару нысанын одан әрі жетілдіру көзделген.

Бұл мақсатта Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін басқа органдарға береді немесе олармен келісе отырып атқарады.

@qazaqstantv
484 views06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:52:39 Конституцияға енетін өзгерістер мен толықтырулар депутаттардың жауапкершілігін арттырады - заңгер Индира Әубәкірова
515 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:44:34 Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады

Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі.

@qazaqstantv
725 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:44:02 Конституцияға енетін өзгерістер мен толықтырулар

Үкіметке Адам өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, басқа да құндылықтарға айрықша қауіп төнген жағдайда заң күші бар нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқық берілді

Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
694 viewsedited  06:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:29:48 Тұрғын үй субсидиясы: «Отбасы банк» қандай баспананы жалға алуға болмайтынын айтты

Жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алушыларға:

Жақын туыстарының;
Бұрынғы жұбайы, зайыбының;
Ерлі-зайыптылардың туыстарының баспанасын жалға алуға шектеу қойылады.

«Отбасы банкі» субсидия алушылардың шарттарға сәйкес келуін жылына бір рет, ал әкімдіктер тоқсан сайын тексереді.

@qazaqstantv
934 viewsedited  06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 09:16:07 23 мың қазақстандық тұрғын үй субсидиясын алуға шақырту алады

«Бағдарламаға қатыса алатын 70 мың қазақстандықтың 17 мыңына «Отбасы банктің» атынан хабарлама жіберілді. Ертең тағы 23 мың азаматқа жалға берілетін тұрғын үй субсидиясын алуға шақырту хабарламасы жіберіледі. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы түскеннен кейін субсидия беруді бастаймыз», - деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Өтінімдер онлайн форматта қабылданады.

UPD: Жалға берілетін тұрғын үй субсидиясын алу 4 санат бойынша жүргізіледі:

I және II топтағы мүгедектер;

мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар;

көпбалалы отбасылар;

жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

@qazaqstantv
1.2K viewsedited  06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 08:49:41 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Эммануэль Макронды Француз Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін өзара күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

– Осыған байланысты Қазақстан мен Франция арасындағы сан қырлы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылау үшін өзара қолайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

@qazaqstantv
465 views05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 08:47:43
«Balapan» телеарнасын сүйіп көретін қырғызстандық балалар қазақ тілін үйренді

Солардың бірі - қырғыз депутатының балалары.

@qazaqstantv
493 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 08:33:30
Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың (фламинго) өліктері жатқан бейнежазба тарады

Осыған байланысты qazaqstan.tv журналисі Маңғыстау облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан ресми түсініктеме алды.

Алдын ала ақпарат бойынша, қолайсыз ауа райында құстардың миграциясы кезінде әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, өліп қалған болуы мүмкін.
Себебі бұл аумақта су көздері жоқ.

Табылған өлекселерден тиісті сынамалар алу жұмыстары жүргізіледі.

@qazaqstantv
823 viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме