Get Mystery Box with random crypto!

Саяси Шолу

Telegram арнасының логотипі qazaq_new — Саяси Шолу С
Telegram арнасының логотипі qazaq_new — Саяси Шолу
Арна мекенжайы: @qazaq_new
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.83K
Арнадан сипаттама

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер мен саясаттану ғылымдарының докторынан саясат туралы пайымдар. Қазақстандағы саясаттың шын мәнінде қандай екенін түсіндіремін.

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 22

2022-04-19 17:27:39
Қырғызстан Ресейдің ұсынысынан бас тартты

Қырғызстан өз аумағында Ресейдің биозертханаларын ашудан бас тартты. Ұсынысты жасаған – Мәскеу билігінің өзі көрінеді.

Ресей Қырғызстан аумағында BSL-3 деңгейіндегі биологиялық зертхана салу жайлы сөз қозғап, Қырғыз Республикасына ұсыныс тастаған. Бұл мәселе Мәскеуде өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қырғызстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында талқыланған.

Тараптар Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың дамып жатқанын, коронавирусқа қарсы вакцинация сертификаттарын өзара мойындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Тараптар Қырғыз Республикасының аумағында BSL-3 биологиялық зертханасын құруға қатысты пікір алмасты. Бұл ретте Қырғыз Республикасы бұл жобаны жүзеге асырудан бас тартты», – деп жазылған Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми ақпаратта.
1.2K views14:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 19:01:20
Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі снаряд ұшырды

Солтүстік Корея сенбі, 16 сәуірде Жапон теңізіне қарай екі снаряд ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тактикалық ядролық операциялардың тиімділігін арттыру үшін маңызды жаңа тактикалық басқарылатын қаруды сынауды қадағалады", - деп хабарлады жексенбі күні Пхеньян мемлекеттік БАҚ.

Снарядтар 110 шақырымға ұшып, 25 шақырым биіктікке және 4 Mach жылдамдығына жетті.
1.9K views16:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 18:00:06
Қазақстанда қырыққабат бағасы 7 есеге қымбаттаған

Елімізде орамжапырақ қымбаттап жатыр. Былтыр ғана келісі 100-150 теңге тұрған көкөніс биыл 750 теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны маусымаралық кезеңмен байланыстырып отыр. Шенеуніктер алдағы бір-екі аптада қазақстандықтардың арзан көкөніс жейтінін қуана хабарлады.

Алайда ерте шығатын орамжапырақты жинап жатқан шаруаларды ішкі нарықтан гөрі, сырттың сұранысы қызықтырады. Тұрмыста картоп, сәбіз, пиязды көп қолданамыз. Бағасының өскеніне амалдың жоғынан көніп келеміз. Енді қымбат көкөніс қатарына орамжапырақ та қосылды. Біз елордадағы көкөніс дүңгіршектерін аралап көрдік. Орамжапырақтың ең қымбаты – 750, ең арзаны 450 теңге екен.

Екатерина Нұрымбетова әр саудасында орамжапырақ алмай кетпейді. 65 мың теңге зейнетақысын елордалық зейнеткер бар шығынына жұмсауға тырысады. Бірақ соңғы кезі ақшасы жетпей жүр.
2.4K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 17:57:35
Елімізде 15 - сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған.
1.6K views14:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 19:44:51
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Қазақстан Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз", - дейді Қорғаныс министрлігінен.

Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.

Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
2.5K views16:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 18:42:55
Рамзан Қадыров:

- Мақсатымыз айқын, біз іске кірістік. Мариупольге ғана емес, басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге де шабуыл жасаймыз. Алайда ең алдымен Луганск пен Донецкті басып кіреміз. Бас қолбасшы президент бізге осындай тапсырма берді.
3.1K views15:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 09:43:06
Қазақстанда әйелдер саны 9,9 миллионға жетті

2022 жылдың 1 наурызында Қазақстандағы әйелдер саны 1,2% өсіп, 9,9 миллионға жетті, деп хабарлайды Informburo.kz.

Жыл сайын елде әйелдер үлесі азайып келеді:

2017 жылдың 1 наурызында тұрғындардың 51,62 пайызын;
2018 жылы – 51,58;
2019 жылы – 51,54;
2020 жылы – 51,51;
2021 жылы – 51,48;
2022 жылы 51,43 пайызын құрады.

Өңірлер бойынша Алматы және Түркістан облысы, Алматы қалаларында әйелдер көп болса, Солтүстік Қазақстанда керісінше аз.

29 жасқа дейінгі азаматтар ішінде әйелдердің саны басым. Ал 30-49 жас аралығындағы азаматтар арасында әйелдер мен ерлердің саны тең.

50-ден 59 жасқа дейінгі әйелдер үлесі 53,6 пайызды құрағанымен, 60 жастан бастап олардың саны күрт артып, 72,1 пайызға жетеді.

2021 елімізде жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,3 миллионға жетті. Әйелдердің басым бөлігі сауда және авто жөндеу саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар білім беру, агроөнеркәсіп, құрылыс салаларында еңбек ететін әйелдердің үлесі басым.
3.6K views06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 18:43:49
БОРТ №1 Telegram арнасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайда елшілікте жұмыс істеп жүрген кездегі суретін жариялады.
2.6K views15:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 18:38:58
Exk.kz: Оразаға отыз пайыз. Жезөкшелердің бағасы арзандады

Ғаламтор арқылы тәнін саудалайтын түнгі көбелектердің бағасы түсті. Олар клиенттердің рамазан айында аз болатынынан осындай қадамға барғандарын айтады.

Экспресс К тәнін ақшаға сататын қыздармен тілдесті.

Қызмет көрсететін қыздардың түр-түрін түрлі сайттардан қиналмай-ақ табуға болады. Ойыңыздағы ару мен қиялыңыздағы қызға қалтаңыздан ақшаңызды қисаңыз болды.

Мереке күндері жеңілдік беретін кей дүкендер секілді, оларда да жеңілдік жасайтын күндер бар екен. Бірақ ондай күн жылына тек бір рет кездесетін көрінеді.
3.3K views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 18:08:46
«Дикий Арманды» қамау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты, - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.
3.5K views15:08
Ашу / Түсініктеме