Get Mystery Box with random crypto!

Қырғызстан Ресейдің ұсынысынан бас тартты Қырғызстан өз аумағ | Саяси Шолу

Қырғызстан Ресейдің ұсынысынан бас тартты

Қырғызстан өз аумағында Ресейдің биозертханаларын ашудан бас тартты. Ұсынысты жасаған – Мәскеу билігінің өзі көрінеді.

Ресей Қырғызстан аумағында BSL-3 деңгейіндегі биологиялық зертхана салу жайлы сөз қозғап, Қырғыз Республикасына ұсыныс тастаған. Бұл мәселе Мәскеуде өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қырғызстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында талқыланған.

Тараптар Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың дамып жатқанын, коронавирусқа қарсы вакцинация сертификаттарын өзара мойындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Тараптар Қырғыз Республикасының аумағында BSL-3 биологиялық зертханасын құруға қатысты пікір алмасты. Бұл ретте Қырғыз Республикасы бұл жобаны жүзеге асырудан бас тартты», – деп жазылған Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми ақпаратта.