Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда қырыққабат бағасы 7 есеге қымбаттаған Елімізде ор | Саяси Шолу

Қазақстанда қырыққабат бағасы 7 есеге қымбаттаған

Елімізде орамжапырақ қымбаттап жатыр. Былтыр ғана келісі 100-150 теңге тұрған көкөніс биыл 750 теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны маусымаралық кезеңмен байланыстырып отыр. Шенеуніктер алдағы бір-екі аптада қазақстандықтардың арзан көкөніс жейтінін қуана хабарлады.

Алайда ерте шығатын орамжапырақты жинап жатқан шаруаларды ішкі нарықтан гөрі, сырттың сұранысы қызықтырады. Тұрмыста картоп, сәбіз, пиязды көп қолданамыз. Бағасының өскеніне амалдың жоғынан көніп келеміз. Енді қымбат көкөніс қатарына орамжапырақ та қосылды. Біз елордадағы көкөніс дүңгіршектерін аралап көрдік. Орамжапырақтың ең қымбаты – 750, ең арзаны 450 теңге екен.

Екатерина Нұрымбетова әр саудасында орамжапырақ алмай кетпейді. 65 мың теңге зейнетақысын елордалық зейнеткер бар шығынына жұмсауға тырысады. Бірақ соңғы кезі ақшасы жетпей жүр.