Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды Қазақстан | Саяси Шолу

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Қазақстан Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз", - дейді Қорғаныс министрлігінен.

Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.

Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.