Get Mystery Box with random crypto!

Саяси Шолу

Telegram арнасының логотипі qazaq_new — Саяси Шолу С
Telegram арнасының логотипі qazaq_new — Саяси Шолу
Арна мекенжайы: @qazaq_new
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.83K
Арнадан сипаттама

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер мен саясаттану ғылымдарының докторынан саясат туралы пайымдар. Қазақстандағы саясаттың шын мәнінде қандай екенін түсіндіремін.

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 23

2022-04-05 13:20:33
Коста-Рикада жаңа президент сайланды

Коста-Рикада Дүниежүзілік банктің басшылық қызметінде болған Родриго Чавес елдің 49-президенті болып сайланды.

60 жастағы саясаткер 52,9 процент дауысқа ие болған. Ал басты қарсыласы болған бұрынғы мемлекет басшысы Хосе Мариа Фигерестің басымдығы 47 проценттен сәл асады. Дауыс беруге осындай құқыққа ие азаматтардың 42,8 проценті келмеген. Фигерес жеңіліс тапқанын мойындап, қолдаушыларына алғыс білдірді. 4 жылға сайланатын жаңа президентті ұлықтау рәсімі 8 мамырда өтуі тиіс.
2.8K views10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 18:45:34
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Екіжақты сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін екі ел үкіметтері арасында ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.
3.3K views15:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-02 02:55:26
Ұмытпас үшін сақтап қой
3.1K views23:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 19:13:05
Алла Елшісі (ﷺ):

"Расында шын сөйлеу жақсылыққа жеткізеді, жақсылық жəннатқа жеткізеді. Егер де бір кісі шын сөйлеуге дағдыланса, ол Алланың алдында шыншылдардан болып жазылады. Расында өтірік сөйлеу жамандыққа жетелейді, жамандықтың түбі тозаққа жеткізеді. Егер де бір кісі өтірік айтуға дағдылынса, ол Алла алдында өтірікшілерден болып жазылады"
3.2K views16:13
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 07:04:40
Қызылорда облысындағы Қамбаш көлі тасыды

Қатты жел айдын бетіндегі мұзды жағаға көтеріп тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан жағалаудағы 2 гектар жерді алып жатқан туристік-кәсіпкерлік нысандарға зақым келген. Бірнеше жарық бағаналары бүлінді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір Арал аудандық төтенше жағдай қызметінің мамандары көл жағалауында жүр. Жалпы шамамен 980 миллион текше\метр су жиналатын Қамбашқа бірнеше жылдан бері Сырдариядан су келмеген. Бірақ былтыр Бұрмақұлақ ағытқысы іске қосылып, аумағы 178 шаршы\шақырым болатын көл кемеріне келіп, толған.
4.2K viewsedited  04:04
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 18:31:33
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионаты ресми добын таныстырды.
3.3K views15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-03-29 20:20:25
Путин Рамзан Қадыровқа әскери шен берді

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа ішкі әскерлердің генерал-лейтенанты шенін берді. Мұны Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Қадыровтың Шешенстандағы халықаралық терроризмді жеңуге қосқан үлесін бағаламауға болмайды, деп атап өтті саясаткердің қарулас жолдасы.

Даудов Шешенстан Республикасының басшысын жаңа атақ беруімен құттықтады. Оның айтуынша, Қадыров – Отаны мен халқына шынайы, риясыз қызмет етудің үлгісі.
3.0K views17:20
Ашу / Түсініктеме
2022-03-29 16:52:44
Білім министрлігі TikTok-қа тіркелді

Білім және ғылым министрлігі еліміздегі жастар ең көп қарайтын TikTok әлеуметтік желісінен өз парақшасын ашты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Құрметті студенттер мен оқушылар! Біздің елде сіздер 4 миллионнан асасыздар (3,6 млн оқушы және 1 млн астам колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері). Біз әрқашан сіздермен бір толқында, трендте болғымыз келеді. Біздің ТikTok-қа жазылып, достарыңызбен бөлісіңіз, оқиғалар мен ұсыныстар жіберіңіз, біз талқылауға және байланыста болуға қуаныштымыз", — деп жазды БҒМ.

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі ҰБТ кезінде қажет болатын лайф-хактар дайындап жатқандырын жазды.
2.5K views13:52
Ашу / Түсініктеме
2022-03-28 18:20:07
Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесі беріледі: Путин жаңа заңға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесін беру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер мен мүгедектерге заң бойынша зейнетақы, түрлі қаржылай сыйақылар беріледі, тегін протез жасалады, үйсіздерге баспана беріледі және өзге де жеңілдіктер қарастырылған.

23 наурызда мемлекеттік дума қорғаныс министрлігі наурыздың басында ұсынған заң жобасын үш оқылымнан кейін бірден мақұлдаған. Қазір ардагерлер туралы заң азаматтық соғыстан бастап СССР мен Ресей араласқан барлық ірі әскери қақтығысқа қатысқандарды қамтиды.
2.8K views15:20
Ашу / Түсініктеме